È

Тамаша кино

Тамаша кино

Прокатқа режиссер Шейн Блэктің комедиялық детективі шықты, Блэк пен Энтони Багароцци сценарийін жазған фильмнің атауы «Славные парни». Фильмде басты рөлдерде Райан Гослинг және Рассел Кроу. Сюжет бойынша оқиға 1970 жылдары Лос-Анджелесте болған. Тағдырдың жазуы бойынша із кесуші (маскүнем, жолы болмайтын бейбақ) Холланд Марч (Гослингтің орындауында) және әлеуметтің ең төменгі сатысына түскен жалдамалы "ұр да жық" жігіт Джексон Хили (Кроу) бірігеді:оларға жоғалып кеткен қыздың ісін зерттеуі керек, ол іс порножұлдыздың өлімімен байланысы жоқ секілді болып көрінеді. Әркімнің өз себебі, өз мақсаты бар, бірақ екеуінің тапсырмасы бір. Істі тергеу, зерттеу барысында олар күтпеген фактілерді және билік тарапынан жасалған келісімді анықтайды.

Толған қағытпа қалжың

«Славные парни» – көптеген кинемотография құбылыстарын келемеждейтін фильм. Біріншіден, режиссер және сценарий авторы шытырман оқиғалы детектив жанрының өзін келеке етеді. Ер жүрек, батыл, ақылды кейіпкерлердің орнына өзгелерді құтқару үшін өмірде жолы болмаған, өзге тұрмақ өмірдің теперішінен өздерін қорғай алмаған кейіпкерлерді көрсетеді. Гослингтің кейіпкері өмірдің ащы-тұщысына шыдамай, өшін ішімдіктен алады, ал Кроудың персонажы - жалғызбасты, жан дүниесі жараланғыш, бірақ қолынан келетіні адамдарды ұру. Қылмысты тезірек ашудың орнына олар көңілдерін басқа жаққа аударатын жағдайларға тап бола береді: 70 жылдардағы атақты сауық кештер, мұнда аты аңызға айналған қаланың түнгі өмірі суреттеледі, түрлі отырыстар мен жеке өмірдегі мәселелер көрініс табады. Детектив жанрындағы фильмнің соңында негізі қылмыс ашылуы тиіс, бірақ осы нәтижеге ең бір қисынсыз жолдармен келеді.

Атыс-шабыстың барлық шаблоны қолданылады, айналаның бәрі атыс, жарылыс. Екіншіден, Блэк өзін өзі келемеждеген, өйткені ол о баста полиция қызметкерлері туралы атыс-шабыс фильмдермен аты шыққан.Ол сексенінші жылдары басты рөлде Мел Гибсон ойнаған атақты «Смертельное оружие» фильмінің сценарийін жазды. Ал тоқсаныншы жылдары Брюс Уиллис ойнаған «Последний бойскаут» фильмінен кейін тіпті атағы жер жарды. Өткен ғасырдың соңғы он жылдығында атыс-шабыс фильмдердің дәурені жүрген еді. Бірақ қазір басқа уақыт, талаптар да басқа. Блэк мұны жақсы түсінеді, сондықтан ол өзінің өткеніне әзілмен қараудан басқа амалы жоқ. Үшіншіден, атақты деген екі актер (Кроу 2000 жылдардың актеры, ал Гослинг қазіргі буынның актеры) өздеріне өздері пародия жасайды. Біреуі бір кездері көрерменнің жүрегін жаулаған ер жүрек, батыл «гладиатордың», қамқор әке әрі адал жардың образын келеке етеді, екіншісі өзінің қатігездігі мен босбелбеулігін келемеждейді. Бұл Николас Виндинг Рефннің «Драйв» фильмінде де жақсы көрсетілген.

Келекемен атын шығару

«Славные парни» - өте тартымды фильм. Бұл ең алдымен тамаша екі актердің дуэтіне байланысты. Басқа да көрерменді қызықтыратын элементтері бар. 70-жылдарды көз алдыңа әкелетін декорация жақсы жасалған, ала-құла дивандар, гавай жейделері, музыка, сол заманның атмосферасын елестететін аксесуралардың бәрі бар. Блэктің сценарийінде тепе-теңдік сақталған. Мұнда әзілге де, актерлердің бірін-бірін қағытуына да, күлкілі және ессіз оқиғаларға да, бас айналдыратын саяхатқа да орын табылған. Сондай-ақ қылмысты ашуға деген салмақты әрекетке де, биліктің арам пиғылды жоспарына да орын бар. Әдеттегідей авторлар моральды да ұмытпайды, фильмнен сабақ алуға болады. Бірақ фильмнің ең басты ерекшелігі, оның тартымдылығы, мейрімділігі мен көңілділігі. Блэктің режиссурасы мен сценарийінің, актерлердің шебер ойынының, фильмдегі дұрыс ырғақтың арқасында картина әсерлі шыққан. Тамаша кино, сөз жоқ.

 

Киноға барған Бағлан Құдайберлиев

«Бродвей» редакциясы арнайы шақыру бергені үшін Chaplin Cinemas кинотеатрлар желісіне алғыс білдіреді.

Оцените рецензию

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Рецензии

18 Маусым, 2018

«Суперотбасы – 2»: Бірлік болмай, тірлік болмас

«Суперотбасы – 2» мультфильмі жайлы пікір 

BrodKaz

Рецензии

10 Қазан, 2018

«Қаржыгер. Шығу ойыны»: Санның сапаға айналуы

Коммерциялық  кино бағытында алға ілгерілеу айқын байқалады

Brod.kaz

Рецензии

6 Қазан, 2018

«Веномның» жаңа бейнесі

«Веном» фильміне пікір

Brod.kaz

Рецензии

13 Қыркүйек, 2019

«Қымбатты әке» фильміне пікір

Фильм кинотеатрда 12 қыркүйектен басталады

Brod.kz

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер