È

«Мен – күйеу жігітпін!»: Нұртастың құдалығы

«Мен – күйеу жігітпін!»: Нұртастың құдалығы

Бүгінде Қазақстан киноөндірісінде өзіндік орны бар Нұртас Адамбай көрермендер назарына өзінің жаңа «Мен – күйеу жігітпін» комедиясын ұсынды. Бұл Акелланың мүлт жіберген алғашқы жағдайы сияқты.

Картинаның бас кейіпкері Әлия өзінің Самат есімді күйеу жігітін отбасымен таныстырмақ болады. Бірақ, Самат соңғы сәтте бастығының туған күнін тойлауға Дубайға баруды ұйғарады. Осыдан кейін, Әлия өзінің әріптесі Тимурды Саматтың орнына ата-анасымен танысуға баруға мәжбүр етеді. Егер де Әлияның әкесі ІІМ генералы, сонымен қатар мінезі қиын адам болмағанда бәрі жақсы болар ма еді?!

Нұртас Адамбайдың картинасы алғашқы бес минутта көрерменге ешқандай түсінік берместен, келемеждеуді бастайды. Сонымен, біз кейіпкерлер туралы олардың кеңседе жұмыс істейтінін және біреудің тұрмысқа шығатынынан басқа ешнәрсе білмейміз. Негізгі шиеленіс бірінші сахнада белгілі болып қоятындықтан, жасанды болып көрінеді.

Бас кейіпкердің логикасын бағамдау қиын. Неліктен күйеу жігітті жұмыстарымен Астанада кідіріп қалды деп айту (ол жауапты және жұмысбасты адам ретінде сипатталып тұр) Әлияға қиындау соғады, оның орнына мән-жайды түсінбеген әріптесін қорғап, отбасының алдында өтірік айтуға мәжбүр етеді.

Жарайды, мәселен, оған себебін түсіндірместен күйеу жігітті таныстыру керек болды, бірақ ол егер бәрібір тұрмысқа шықпайтын болса, байғұс Тимурды әкесінің көңілінен шығуға неге мәжбүр етті? Егер әкесі жалған күйеу жігітті қуып шыққанда, әркім өз жөніне кетер еді.

Міне, осындай логикалық кателіктер және түсініксіз сценарий фильм барысында кішкентай арба мен вагонды сияқты жеткілікті.

Жә, мәселен, түсініксіз сюжет пен кейіпкерлердің әрекеті көрермендерді күлдіру үшін жасалды делік. Бірақ, бар мәселе осында, «Мен – күйеу жігітпін» - Нұртас Адамбайдың ең күлкілі емес комедиясы. Көрермендер бір жарым сағаттың ішінде бес-алты күлкілі әзілді әрең естиді, оның өзі Нұртас Адамбайдың аузынан шығады.

Міне, көңілге қаяу түсіретін де осы. Басты рөлге режиссер, сценарист, продюсер және басты рөлді сомдаушы Нұртас Адамбай керемет актриса Гүлнар Силбаеваны фильмге алып, оның әзілкештік қабілетін бір рет те пайдаланбайды. Сильбаеваны кез-келген отандық актрисамен ауыстырғаннан ештеңе де өзгермейді.

Сонымен қатар, картина ешқандай рөл ойнамайтын және негізгі кейіпкерлерге әсер етпейтін қосымша кейіпкерлерге толы. Мәселен, бірінші күні Шымкенттен келген туыстар не үшін қажет және Самат туралы барлығын білетін, бірақ суретін бір рет те болса көрмеген (қазір 2018 жыл емес пе) әпкесі не үшін керек болды. Көрермендерге негізгі сахнада ара-тұра көрсететін бассейн маңындағы тазалаушы мен бағбанға қатысты үлкен жеке сұрақтар туындайды.

Бірақ, бәрінен бұрын махаббат оқиғасы көп сұрақ туындатады. Әлия мен Тимурдың арасында махаббат қай кезде пайда болғанын білесіз бе? Жоқ,басынан-ақ махаббат сезімі болары түсінікті, бірақ оған не түрткі болды? Тимур мен Әлияның әкесінің қарым-қатынасы, жаман ешнәрсе істемеген жігіттің қолын сындыруы да жағымсыз болып көрінеді.

Жалпы, «Мен – күйеу жігітпін» комедиясы Нұртас Адамбайдың фильмографиясындағы нашар жұмысы екенін мойындау керек. Егер «Сәбина келіннің» екі бөліміне де тартымды кейіпкерді таңдап алса, «Ауылдан қашу» толықметражды фильмінің сюжеті әсерлі әрі күлкілі болған, ал автордың жаңа комедиясы – бұл «Ата-анасымен танысудың» жұтаң әрі бозғылт ремейкі.

 

Киноға барған Кәрім Қадырбаев

 

«Мен - күйеу жігітпін!» фильмінің кестесі кинотеатр афишаларында қолжетімді.

 

Оцените рецензию

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Мырзахмет

8 наурыз 2018, 00:43

круто.

Рекомендуем

Рецензии

18 Маусым, 2018

«Суперотбасы – 2»: Бірлік болмай, тірлік болмас

«Суперотбасы – 2» мультфильмі жайлы пікір 

BrodKaz

Рецензии

10 Қазан, 2018

«Қаржыгер. Шығу ойыны»: Санның сапаға айналуы

Коммерциялық  кино бағытында алға ілгерілеу айқын байқалады

Brod.kaz

Рецензии

6 Қазан, 2018

«Веномның» жаңа бейнесі

«Веном» фильміне пікір

Brod.kaz

Рецензии

13 Қыркүйек, 2019

«Қымбатты әке» фильміне пікір

Фильм кинотеатрда 12 қыркүйектен басталады

Brod.kz

Таныс бейне

Дастен Шәкіров

Актер