È

«Мен – күйеу жігітпін»: Ата-аналарымен қазақша танысу

«Мен – күйеу жігітпін»: Ата-аналармен қазақша танысу

Көңілді, жеңіл-желпі кино қазақстандық кинематографта әлі де өзекті болып келеді. Комедиялар айналым рекордсмендері болып табылады, ал драмалар қысқа мерзімді қызығушылық тудырса, экшн-атыс-шабыс фильмдер кинотеатрлар экранынан жоғалып кетті деуге болады. Коммерциялық емес кино әлі де өз маңызын жоғалтпай, осы тізімде ерекше орын алады. Керемет табысты болған «Сәбина келін» арқылы өз есімін қалыптастырған Нұртас Адамбайдың комедиялық картиналарды мүлдем тастап кетпей, экранға «Мен – күйеу жігітпін» атты жаңа фильм шығарғанына қаншалықты таңдануға болады?

Фильм жігерлі түрде басталады: Әлия күйеу жігіті Саматты отбасымен таныстырғысы келеді. Әлияның әкесі қатаң ережелерді ұстанады және болашақ күйеу баласына көңілі толмайды. Онымен қоса, Самат аяқ астынан жұмыстарына байланысты таныстыру кешін кейінге шегергісі келеді. Ал Әлия әріптесі әрі досы Тимурды күйеу жігіті ретінде ата-анасына алып барады. Бар шиеленістің соңы осындай, әрі қарай сюжет көңілді күйде бұрынғы «Ата-анамен танысу» желісі бойынша өрбиді, тек мұнда жергілікті діліміз сақталған. Басты бұрышта – қатал әрі табанды әке, оған Саматтың дәстүрге сай өзінен рұқсат сұрамай, қызына үйлену туралы ұсыныс жасағаны ұнай қоймайды. Ал басты назарда Тимур, ол әрдайым құрбысы ойлап тапқан шиеленістің шырқын бұзбауға тырысады. Әлия болған жағдайға аса алаңдамай, өмірге риза болып жүреді. Сонымен қатар, картинада басты кейіпкер қыздың бұрынғы жігіті көрінеді, оны қалыңдықтың әкесі жақсы көреді екен; әкесі жанұясына қабылдаған әпкесі күйеуімен; қызы мен болашақ күйеу баласының жағына шыққан ақкөңіл сүйікті анасы және негізгі сюжет желісін күрделендіре түсетін тағы басқа да кейіпкерлер бар.

Картинаның негізгі артықшылығы - Нұртас Адамбайдың фильмдерінде жиі кездесетін техникалық элементтердің орындалуы, ол картинада, дыбыста немесе монтажда кездеседі. Актерлік ойын жақсы шыққан. Әсіресе, Гүлнар Сильбаеваға жаңа образы жақсы жарасып кеткен, тіпті басты кейіпкердің шиеленісіне оған бейім сияқты.

Кемшіліктерінен бір нәрсені ғана атап өтуге болады, ол - сценарий. Ол әрине жақсы, бірақ кейде біз күткендей күлкі тудырмайды. Хикаяның өзі көп дүние ұсынады, ал фильм көрерменге аз нәрсе сыйлағандай. Дегенмен, комедиялық фильмдердің режиссері ретінде Нұртас Адамбай «Сәбина келін» гротескінен алыстап, күн өткен сайын жақсы кино түсіруге талпынғандығын айта кету керек. Әзіл үшін айтылатын әзіл екінші қатарға ығыстырылды, оның орнына кейіпкерлердің қарым-қатынасы жайлы хикая алдыңғы орынға шықты, осының барлығы соңғы уақытта шыққан басқа комедиялардан «Мен – күйеу жігітпін» фильмін ерекшелеп тұрады.

Қорытындылай келе, «Мен – күйеу жігітпін» фильмін мереке күндері тамашалап, кинотеатрдан көтеріңкі көңіл-күймен шығуға болатын жайлы романтикалық хикая деуге саяды.

P.S. Әзірге бұл фильм сиквелге лайықты ма, жоқ па, ол жағы түсініксіздеу. Дегенмен, бұл хикаяның жақсы әрі ерекше жалғасы болуы керек сияқты деген ой келеді.

 

 

Киноға барған Варвара Литвинова

 

Оцените рецензию

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Рецензии

18 Маусым, 2018

«Суперотбасы – 2»: Бірлік болмай, тірлік болмас

«Суперотбасы – 2» мультфильмі жайлы пікір 

BrodKaz

Рецензии

10 Қазан, 2018

«Қаржыгер. Шығу ойыны»: Санның сапаға айналуы

Коммерциялық  кино бағытында алға ілгерілеу айқын байқалады

Brod.kaz

Рецензии

6 Қазан, 2018

«Веномның» жаңа бейнесі

«Веном» фильміне пікір

Brod.kaz

Рецензии

13 Қыркүйек, 2019

«Қымбатты әке» фильміне пікір

Фильм кинотеатрда 12 қыркүйектен басталады

Brod.kz

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер