È

Таңғы асыңды өзің іш

Таңғы асыңды өзің іш

Балтамен ботқа жеуге бола ма, жарнама роликтерін кім, қалай әзірлейді, «копирайтинг жолбарысы» мен «теке» бірге жұмыс істей ала ма? Бұл сұрақтарға жауап беруге, нағыз махаббат жайлы оқиғаны айтып, көрерменді күлдіруге тырысқан «Завтрак у папы» комедиясының түрірушілері. Фильмнің режиссеры Мария Кравченко. Түсірілім тобының мұндай тәжірибесі қаншалықты сәтті болады, оны кассалық жиын көрсетеді.

Сюжет

Юля Полонская (Катеринна Шпица) Санкт-Петербургте тұрады, ол жарнама агенттігінде копирайтер болып жұмыс істейді. Ол – өте ақылды, спортшы, сымбатты әйелдердің үлгісі деуге болады, 10 жастағы қызы Александраны жалғыз өзі тәрбиелеп отыр. Қызын еркелетіп Аля (Луиза-Габриэла Бровина) деп атайды. Александр Титов (Юрий Колокольников) Мәскеуде тұрады. Ол да Юля істейтін қызметте жұмыс істейді. Бұл кейіпкер жалғыз тұрады, жұмыстағы Тарелкинамен (Полина Максимова) әшейін бірге уақыт өткізеді.

Бірде Юля мен Александр Мәскеудегі тендерде кездесіп қалады. Екеуі де америкалық Боб атты ірі кәсіпкерден (Валентин Пелка) ірі тапсырыс алуды армандайды. Ал америкалық үшін отбасылық құндылықтар бәрінен де маңызды. Бәрі оп-оңай болар? Бірақ біздің кейіпкерлеріміз үшін ештеңе оңайға түспейді. 10 жыл бұрын Александр Санкт-Петербургте қонақта болған, сол кезде ол Юляны алғаш жолықтырған болатын. Осы кездесуден кейін өмірге Аля келді.Бірақ ол туралы қыздың әкесі мүлде хабарсыз.

Идея және оны жүзеге асыру

Персонаждар кәдімгі мегаполистің қарапайым тұрғындары. Режиссер макияжсыз сыртқа шықпайтын, жасанды кіпік жапсырып жүретін, шаштары мен басқа да дене мүшелерін ұлғайтып көрсететін қыздарды келеке еткен. Мария Кравченко үлкен қалаларда қарапайым шағын пәтер жалдаудың мүмкін емес екендігін көрсетеді және ең қатал, суық адамның өзі махаббат пен мейірімге зәру екендігін айтқысы келеді. Бұл өте маңыңзды, құнды дүние емес пе?

«Егер сіз идеяңызды сата алмасаңыз, ол түкке тұрмайды»,– дейді Боб. Режиссер осы ұстанымды батыл көрсетті, ол жарнаманы жасауды библия сюжетімен ұштастырды, сөйтіп фильмде 10 жастағы қыз өздігінен билет алып, басқа қалаға кетіп қалады. Телеарнадағы сериалдар мен фильмдерді қайта-қайта үзіп тастап, көрсетіле беретін жарнамалық роликтер Құдайдың көмегімен жасалған ба сонда? Немесе жалғыз жарым жүрген қыз поездағы жолсеріктердің назарын аудартпай ма? «Сенбеймін!»,– дейтін еді мұндайда Станиславский.

Шынайы көзқараспен қарасақ, мұндай оқиға фантастикалық болып көрінеді, бірақ дәл осы абсурд және «өмірде болмайтын жағдай» кей сәттерде оқиғаның күлкілі болуына әсер етеді.Айтпақшы, әзіл жөнінде. Картинада әзіл аса көп емес, бірақ көрермен езуге күлкі үйіретін кейбір көріністердің арқасында зерігіп кетпейді. Және картинада ойнайтын музыканы тыңдаңыз. Солардың бірі тура қазақстандықтарға арналғандай, өйткені әнді орындаушы топтың біздің елімізге қатысы бар.

Сүйкімді Катерина

Басты рөлдерді орындаған актерлердің арқасында фильм тек үйде отырған әйелдерге ғана емес, көпшілікке өте қызық «Образдан шық, көрерменді оятасың»,– деген болатын Титов Тарелкин актердің ойыны сәтсіз шыққан кездерде. Ал мұндағы актерлерге бұл фразаны қолданбаған жөн. Керісінше, Катерина Шпицті ерекше атап өтуге болады: оның тұнық көздері, сымбатты келбеті өзі қатысқан кез келген фильмге сәтітілк әкеледі. Ақсүйек әйелдің образын Полина Максимова өте қызық ойнады, персонаждың сырт келбеті мен мінезін Юрий Колокольников жақсы үйлестіре білді. Фильмнің ең жас қатысушысы Луиза-Габриэль Бровинаға ерекше қол соғуға болады. Оның кейіпкері 10 жастағы қыз өте аңғарымпаз, пысық болып көрінді, ол тіпті үлкен адамдардың өзіне қиын соғатын дүниелерді жақсы түсінеді.

Сапа

«Завтрак с папой» – жеңіл, қызықты, кей жерлерінде тіпті күлкілі фильм. Бірақ бұл қайталап көре беретін фильмдердің қатарынан емес. Дегенмен көрермен Катерина Шпиц түскен кадрларды көру үшін қайталап қосуы мүмкін. Жеңіл комедия, ресейлік тағам компанияларының жарнамасы, сюжеттің шынайлықтан алыстау болуы, мұның барлығы фильмнің тек сыртқы көрінісі, ал астарында кез келген жан үшін маңызды адамдардың қарым-қатынасы жатыр. Адами қарым-қатынас, үміт, сенім тақырыбына режиссер қаншалықты назар аударуға тырысқанын көзі қарақты көрермен байқайды. Фильм авторлары осы сезімдердің ғажап екеніне баса мән берген!

Көңілді нүкте

«Завтрак с папой» – тәнмен емес, жанмен сүю ғана бақытқа жеткізетінін көрерменге жеткізгісі келген отбасылық құндылықтар туралы кино. Рухани жағынан біріккенде ғана адамдар берік отбасы құра алады. Осы бір өмір шындығы фильмде жаңаша көрестілді, мұны бір рет көрудің өзі пайдалы! Тағы бір артықшылығы актерлер құрамының мықтылығы, екі ірі қаланың әдемі көріністері, кемшіліктері – жарнаманың көптігі, аңғалдық және шынайы өмірден алыстығы. Ең бастысы, көрермен тағы бір қызықты оқиғаға куә болады.

Киноға барған Альберт Ахметов
«Бродвей» редакциясы арнайы көрсетілімге шақырғаны үшін «Меломан» компаниясына және Chaplin cinemas кинотеатрлар желісіне алғысын білдіреді.

Оцените рецензию

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Рецензии

18 Маусым, 2018

«Суперотбасы – 2»: Бірлік болмай, тірлік болмас

«Суперотбасы – 2» мультфильмі жайлы пікір 

BrodKaz

Рецензии

10 Қазан, 2018

«Қаржыгер. Шығу ойыны»: Санның сапаға айналуы

Коммерциялық  кино бағытында алға ілгерілеу айқын байқалады

Brod.kaz

Рецензии

6 Қазан, 2018

«Веномның» жаңа бейнесі

«Веном» фильміне пікір

Brod.kaz

Рецензии

13 Қыркүйек, 2019

«Қымбатты әке» фильміне пікір

Фильм кинотеатрда 12 қыркүйектен басталады

Brod.kz

Таныс бейне

Әмір Қарақұлов

Режиссер

Бибігүл Ақтан (Сүйіншәлина)

Актриса