È

Әділхан Ержанов «Қуандық» фильмінің түсірілімін аяқтады

Әділхан Ержанов «Қуандық» фильмінің түсірілімін аяқтады

Қазақстандық режиссер Әділхан Ержанов «Қуандық» фильмінің түсірілімін аяқтады, таспаның продюсері - Серік Әбішев.

Сюжетте ауылдық тергеуші Қуандық баяндалады, ол қалалық журналист қызбен бірге атышулы қылмысты тергейді.

Авторлардың айтуынша, көрермендер таспадан актерлардың сапалы ойынын және шынайы оқиғаны көре алады. Фильм түсірілімі 11 күнге созылған.

«Қуандық» фильмінің түсірілімі / Данияр Алшыновтың жеке Instagram парақшасынан
«Қуандық» фильмінің түсірілімі / Данияр Алшыновтың жеке Instagram парақшасынан

Басты рөлдерді Данияр Алшынов Келін де адам баласы») және Динара Бақтыбаева Әлемнің мейірімді бейжайлығы») сомдады. Сондай-ақ, картинаға Еркен Губашев Екі адамдық мақала») түсті.

Еске сала кетсек, «Қуандықтың» сценарийі I Халықаралық Almaty Film Festival кинофестивалінде жобалар питчингінде жеңімпаз атанған болатын. Сондықтан, картина өндірісінің барлық шығынын Astana Film Fund өз мойнына алды.

Алғашқы көрермендер таспаны 2019 жылдың көктемінде халықаралық кинофестивальдерден көре алады. Қазақстандағы тұсаукесері II Almaty Film Festival-де болады.

 

Превью: «Қуандық» фильмінің түсірілімі

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Дастен Шәкіров

Актер