È

Ақан Сатаев Назарбаев туралы фильм түсірмек

Ақан Сатаев Назарбаев туралы фильм түсірмек. Қазақстан киносы

Отандық режиссер Ақан Сатаев президент Нұрсұлтан Назарбаев туралы «Елбасы жолы» киноэпопеясының алтыншы бөлімін түсірмек ниетте. Көлемді кино жоба қызу дайындық үстінде.

Режиссердің айтуынша, алдағы картинада астананың Астанаға көшуі мен оның құру жылдары көрсетілетін болады. Түсірілімнің дайындық жұмыстары басталып кетті. Қазіргі таңда авторлар сценариймен айналысып жатыр. Әзірге актерлік құрам белгісіз, тіпті бұл жолы Назарбаевты кімнің сомдайтыны да анықталмады.

«Елбасы жолы» фильмінен көрініс

«Елбасы жолы» киноэпопеясы – Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев жайындағы фильмдер жиынтығы. Яғни, елбасының тағдыры мен қызметі арқылы бүтін бір мемлекетіміздің құру сатысы мен дамуы баяндалады. Киноэпопеяның бірінші бөлімі 2011 жылы жарыққа шыққан «Балалық шағымның аспаны» фильмі болатын. Одан кейін «От өзен», «Темір тау» және «Тығырықтан жол тапқан» картиналары дүниеге келді. Барлық төрт бөлімді режиссер Рүстем Әбдірашев түсірді, ал Елбасының рөлін актер Нұрлан Әлімжанов сомдады. Ал «Жұлдыздар тоғысқанда» бесінші бөлімін режиссер Сергей Снежкин түсірсе, мемлекет басшысының рөлінде Берік Айтжанов болды.

Айта кетсек, өткен жолдары продюсер Арман Асенов Назарбаев туралы жаңа фильм түсірілетінін айтып жүрген болатын. Аталмыш кинотуындыға осы кісінің продюсер болуы да ғажап емес.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Бибігүл Ақтан (Сүйіншәлина)

Актриса