È

Алматылықтарға «Инстаграмшыл қыз» комедиясы көрсетілді

Алматылықтарға «Инстаграмшыл қыз» комедиясы көрсетілді

Kinopark 11 IMAX Esentai кинотеатрында «Инстаграмшыл қыз» комедиясының алдын-ала көрсетілімі өтті. Картинаның қоюшысы сценарист Арыстан Каунев болды, ол «Қазақша кәсіп» және «Аға ма әлде неке ме» фильмдерін жарыққа шығарған. Каунев дебютті режиссерлік жұмысын Алматыда таныстырды, ал жақында картинасының тұсауы Астанада кесіледі.

Сюжетте «Q-елі» скетчкомының танымал кейіпкері Айнұр жайлы баяндалады. Бойжеткен Инстаграмда танымал және миллиондаған белсенді оқырмандары бар. Парақшасындағы жарнамалар арқылы өмір сүретін бойжеткен виртуалды әлемге кіріп кеткені соншалық, шынайы өмір жайлы ұмытып кетеді. Бірақ, тағдыр оған сабақ боларлық сыйын дайындап қойыпты, кейіпкердің парақшасын біреулер бұзып алып, жойып жібереді. Оқырмандары мен жігітсіз қалған Айнұрды нағыз сынақтар күтіп тұрады.

«Бұл жеңіл әрі күлкілі ертегі-хикая, бұл барлығына, әсіресе қыздарға ұнайы тиіс. Көпшілігі, өздерін көргендей болатынына сенімдімін. Әрине, мен де әлеуметтік желілерде отырамын, оған жақсы қараймын. Адамдар бір-бірімен танысып, сөйлесіп, жаңалықтарымен бөлісіп отырады. Бірақ, Желідегі белсенділік шынайы өмірге, қарым-қатынасқа кері әсерін тиігізіп жатады. Бұрынғы романтика жоғалып кетті. Аталмыш картина арқылы осыны еске салуға тырыстық», - деді тұсаукесерде режиссер Арыстан Каунев.

Сондай-ақ, ол егер болашақта ұсыныстар түсіп жатса, сценарий жазуды тастап, фильмдер қоюшысы ретінде жұмыс істейтінін айта кетті. Ал әзірге Арыстан YouTube-тағы жеке жобасына дайындалып жүр.

Комедиялық хикаяның кейіпкерін Анар Батырхан сомдады, бұл оның үлкен кинодағы дебюті болып табылады.

«Мен үшін бұл фильм үлкен тәжірибе болды. Мен қолымнан ненің келетінін және қай бағытта әлі де жұмыс істеу керектігін түсіндім. Түсірілімге атсалысқан жандарға, түсірілім тобына жұмыстары мен қолдаулары үшін алғыс айтқым келеді. Бүгін еңбегіміздің нәтижесін көрдік. Менің көңілімнен шықты. Ainura_official-дың жанкүйерлерінің де көңілінен шығады деп ойлаймын», - деп атап өтті Анар Батырхан.

Сонымен қатар, көрермендер картинадан Қуат Садықовты, Әбунасыр Серіковты, Айым Сейтметованы, Шәріп Серікті және Төлепберген Байсақаловты көре алады.

«Инстаграмшыл қыз» комедиясы 28 маусымнан бастап айналымға шығады.

Көрсетілімнің ыңғайлы кестесін кинотеатрлар афишасынан көруге болады.

 

Суреттер Анар Батырханның ресми Instagram.com парақшасынан алынды

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Санұржан Сүлейменов

Актер

Жанель Әлікова

Актриса

Берік Арықбаев

Актер