È

Алматылықтарға Сергей Дворцевойдың «Айкасы» ұсынылды

Алматылықтарға Сергей Дворцевойдың «Айкасы» ұсынылды

Алматыда алғашқы Халықаралық Almaty Film Festival кинофестивалі басталды. Салтанатты ашылудың алдында қазақстандық және әлемдік киножұлдыздар қызыл кілемшемен жүріп өтті. Фестиваль қонақтары - ресейлік режиссер Сергей Бодров, «Арыстан патшаның» авторы Роб Минкофф, неміс актрисасы Настасья Кински, француз продюсері Пьер Спенглер және Оңтүстік Кореялық қоюшы Ким Ки Дук.

«Фестивальдің негізгі мақсаты – Қазақстанға, әсіресе Алматыға халықаралық киножобаларды тарту. Қала ерекше жерде орналасқан, бізде кез-келген көлемдегі түрлі картиналарды түсіруге болады, қаланың жанында таулар, шексіз дала, барқан, Шарын шатқалы бар. Осы локациялардың барлығын коөнімдерді, біріккен жобаларды түсіру барысында пайдалануға болады», - деді алғы сөз кезінде фестиваль президенті Ақан Сатаев.

Ақан Сатаев
Ақан Сатаев

Кинокөрсетілім «Айка» фильмінің халықаралық тұсаукесерімен ашылды. Картинаны қалың көрерменге қосалқы продюсерлер Гүлнар Сәрсенова, Луна Ванг және Ли Жу, сценарийдің қосалқы авторы Геннадий Островский, режиссер Сергей Дворцевой, сондай-ақ Каннда үздік әйел рөлі үшін жүлдеге ие болған актриса Самал Еслямова таныстырды.

«Қазақстандықтар картинамызды алғашқылардың бірі болып көретініне қуаныштымын. Самал Еслямова рөлінің қаншалықты қиын болғанын барлығы түсінетін болады. Ресейдің бір сыншысы бұл рөлді нағыз ерлік деп атады. Фильм көңіл көтеретін жоба емес. Бұл драма. Әдетте, режиссерлар жайлы көрсетілім тілейді. Мен бір ғана нәрсе тілегім келеді, картина жан-дүниелеріңізге жетсе екен. Осыны қатты қалаймыз», - деп көрермендерге сөзін арнады Сергей Дворцевой.

«Айка» фильмінен көрініс
«Айка» фильмінен көрініс

Almaty Film Festival 19 қыркүйекке дейін жалғасады. Фестивальдің негізгі байқауында Әділхан Ержановтың «Әлемнің мейірімді бейжайлығын» қосқанда, 10 фильм бар.

Еске салсақ, байқау және байқаудан тыс көрсетілімдер Cinemax Dostyk Multiplex және Lumièra кинотеатрларында өтіп жатыр.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Асылхан Төлепов

Актер

Төлеубек Аралбай

Актер