È

Алматыға француз кинематографшылары келмек

Алматыға француз кинематографшылары келмек

12 сәуір күні «Арман» киноорталығында «Бүгінгі француз киносы» IX фестивалі басталады. Көрсетілім қонақтары жұмыстары көрермендер талқылауына ұсынылатын француз кинематографшылары болмақ.

«Биыл фестивальге төрт әртіс қатысады. Көпшілік асыға күткен қонақтардың бірі «Такси» фильміндегі комиссардың рөлімен танылған Бернар Фарси болмақ. Сондай-ақ, «Көркем» фильміндегі актриса Ориан Дешам және «Махаббаттың 12 әуені» фильмінде ойнаған Жюли Феррье де келеді. Фестивальге «Менің бұрынғы құрбым» фильмінің режиссері Виктор Сен-Макари келеді деп күтілуде», - деді продюсер, UniFrance-тің Орталық және батыс еуропадағы өкілі Жоэль Шапрон.

Фестиваль аясында қазақстандық айналымға шығатын алты картинаның көрсетілімі өтеді. Француз кино шеруін «Такси 5» фильмінің көрсетілімі ашады.

«Жыл өткен сайын фестивальге арналған картиналарды таңдау қиындап барады. Бірнеше жыл бұрын Қазақстандағы картиналар Ресейдегі релизден кейін шығатын және бұл бізге жаңа туындылар әкелуге мүмкіндік беретін. Қазір бізге Ресейде шықпаған, бірақ жергілікті жалға берушілер сатып алған фильмдерді іздеуге тура келеді. Сондықтан, Бауыржан Шүкенов екеуміз осы жылы сәуірдің басында өткізуді жөн көрдік, дегенмен осыған дейін дәстүрлі түрде жиырмаларына таман өткізетінбіз», - деп қоса кетті Жоэль Шапрон.

Еске сала кетейік, «Бүгінгі француз киносы» жобасының ұйымдастырушылары – Қазақстандағы Франция елшілігі мен UniFrance агенттігі және Алматыдағы Француз Альянсы.

Кинофестиваль 15 сәуірге дейін жалғасады.

 

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Maxim Bogomolov

12 апреля 2018, 00:49

Прикольно!

Таныс бейне

Айнұр Ниязова

Актриса

Гүлшат Ахметова

Актриса

Сергей Червяков

Актер

Тимур Бекмамбетов

Режиссер