È

Альмира Тұрсын: «Томирис» түсіріліміне әскердегідей дайындады»

Альмира Тұрсын: «Томирис» түсіріліміне әскердегідей дайындады»

«Қазақфильм» киностудиясы және Satai Film компаниясы «Томирис» тарихи картинасының түсірілімін жалғастыруда. Фильмдегі басты рөл психолог әрі адамның жеке тұлға ретінде дамуына көмектесетін маман Альмира Тұрсынға сеніп тапсырылды. Бойжеткен үшін бұл жоба- кинодағы алғашқы тәжірибесі.

«Маған Инстаграмға жазып, кастингтен өтуімді сұраған кезде, абдырап қалдым. Мені бұл жобаға дейін киноға шақырған болатын, бірақ оған аса мән бермедім. Кейіпкер (Томирис патшайым – ред.) тұлға ретінде мен үшін қызықты болғандықтан, жәй ғана байқап көрейін дедім. Шынымды айтсам, түсірілімге әскери тәртіппен дайындады. Жаттықтырушылар бізді аямады. Атпен жүруді, семсерлесуді және актерлік шеберлікті басынан бастап үйрендік. Әзірге қиын немесе жеңіл екенін айту қиын, себебі ештеңемен салыстыра алмаймын. Бірақ, бұл мен үшін қызық екенін айта аламын. Энтузиазм мен қызығушылық болған кезде, барлығын оңай әрі ерекше әсермен істейсің деп ойлаймын. Нәтижесін көреміз», - деді Альмира.

Жас актриса екі ай бойы Nomad Stunts каскадерлік тобымен жаттықты. Альмира ат ерттеуді ғана емес, садақпен атуды да үйренді. Салмақты физикалық дайындыққа қарамастан, отандасымыз рөлге шынайы қарады.

«Әрине, рөлге енуіме костюмдер, музыка мен сценарий көмектеседі. Бірақ, мен көбінесе психологиялық әдістерді, сарынды, себеп-салдарлық байланысты қолданамын. Мен Томириспен клиенттерімен айналысатын психолог ретінде жұмыс істедім. Ол неге сондай? Неліктен басқаша ойлап, өзін осылайша ұстайды? Осы сұрақтарға жауап іздедім», - деп қоса кетті актриса.

Фильм түсірілімі Алматы облысында және «Қазақфильм» аумағында салынған декорацияларда өтіп жатыр. Түсірілімге режиссер Ақан Сатаев, қоюшы-оператор Хасанбек Қыдырәлиев және суретші-қоюшы Қуат Тілеубаев атсалысуда.

 

Суреттер Альмира Тұрсынның Facebook.com парақшасынан алынды

 

2 пікір

Пікір қалдыру үшін

Maxim Bogomolov

12 наурыз 2018, 18:36

А никто и не говорил что кино это легко, это адский труд!

Мырзахмет

13 наурыз 2018, 23:25

Впрочем, что сказать сейчас, все увидим на кадрах сюжета. Увидим все боевые постановки, тюки с лошадями, фехтования на оружия (акинака). Хотелось, бы увидеть реально костюмы, снаряжение, внешние виды персонажей. Как гримировали, как готовили сцены музыки, ландшафт рельефа местности, множественные эффекты. Как говорят, и хотелось услышать речи, особенно этот язык индоевропейский. Буду судить по всем критериям. Ждем выхода фильма. А в работе желаю труда и еще упорного. До 9 го пота и крови.

Таныс бейне

Тұңғышбай Жаманқұлов

Актер