È

Ариэль Әсенова: «Шатырдағы бұлт» - отандық киноның урбан-фэнтези жанрындағы дебюті»

Ариэль Әсенова: «Шатырдағы бұлт» - отандық киноның урбан-фэнтези жанрындағы дебюті»

Алматыда «Шатырдағы бұлт» қазақстандық фильм-фэнтезиінің тұсауы кесілді. Режиссер Әли Шер Сүлеймен және продюсер Ариэль Әсенованың дебютті толықметражды жұмысының көрсетілімі Kinopark 11 Esentai кинотеатрында болды.

«Шатырдағы бұлт» фильміндегі оқиға қазіргі күндерде орын алады. Періште мен жын келісім жасасады, оның нәтижесін жас жігіт Тимур анықтайды. Ештеңені сезбеген кейіпкер туған күнін атап өту үшін клубқа барады. Алайда, бидің орнына Тимурды әсерлі шытырман оқиғалар мен жаңа танысу күтіп тұрады.

«Бұл фильм көпшілігі үшін дебют болды. Менің толықметражды фильм продюсері ретіндегі дебютім. Көптеген дарынды әртістердің, урбан-фэнтези жанрындағы отандық киноның және режиссер Әли Шер Сүлейменнің дебюті. Бұл біздің үлкен киноға басқан ортақ қадамымыз», - деді бас продюсер Ариэль Әсенова.

Толық метрдегі алғашқы қадамын Тимурды сомдаған актер Диас Әзімжан және оның жарын ойнаған Қазына Әбдірахман жасады.

«Маған кастинг-директор хабарласып, бейнесынамаға шақырды. Бір сағаттан соң мені бекітті. Кейіпкерім біраз еркелеу. Ол отбасындағы жалғыз қыз. Ештеңеден тарлық көрмей өсті, шетелде оқыды. Кейін, өмірде қиындықтар орын алғанда, өзінің шынайы мінезін көрсетеді. Түсірілім барысында айтарлықтай қиындықтар болған жоқ. Фильм сценарийі мен жанры арқылы қызық сияқты. Бұл біздің көрермен үшін жаңа бір туынды», - деді Қазына Әбдірахман.

Фильммен қоюшы-оператор Ескендір Нарымбетов, қоюшы-суретші Ринат Шашубаев, композиторлар Асқар Шәфи мен Станислав Ионов айналысты.

Сонымен қатар, «Шатырдағы бұлт» картинасына Мәдина мен Медина Тәліпбек, Камила Нұғыманова, Вахид Изимов, Мирон Воробьев, Асанжан мен Үсенжан Сұлтановтар түсті.

 

2 пікір

Пікір қалдыру үшін

Асема

28 апреля 2018, 16:57

Фильм понравился!

MilanaTu

2 мамыр 2018, 16:29

Klassni film

Таныс бейне

Джон О’Нил

Актер

Талас Бойченко

Актер

Сәбит Мұстафа

Актер

Ғабит Мұстафа

Актер