È

Асқар Ұзабаев: «Қазіргі киноөндірісте былық көп»

Асқар Ұзабаев: «Қазіргі киноөндірісте былық көп»

Режиссер, сценарист әрі продюсер Асқар Ұзабаев отандық киноөндірісті жындыханамен салыстырды. Қоюшы киноөнерде нағыз мықты мамандар ғана қалатын уақыттың келетініне сенімді. Асқар Ұзабаев заманауи қазақстандық кино мен оның болашағы жайлы Tengrinews.kz-тегі «The Эфир» бағдарламасында айтып берді.

«Қазіргі киноөндірісте құтырынған кездер орын алуда. Мен наурызда 8-9 отандық фильмді көрдім. Өкініштісі, сол фильмдердің бірде-біреуі жақсы касса жинай алмады. Барлығы бір-біріне айналымға жібере салды. Осы картиналардың барлығын жыл бойы шығаруға болар еді. Бүгінде қазақстандық кино өз ерекшелігін жоғалтып бара жатыр. Бұрын бір фильм үш айда бір рет шығатын, соны халық күтетін еді. Қазіргі адамдар сценарий жазуға, фильм түсіруге аз ғана уақыт жұмсайды. Мен көргеннің барлығы асығыс жасалған», - деді режиссер.

Фото: Voxpopuli.kz
Фото: Voxpopuli.kz

Асқар Ұзабаевтың пікірінше, барлығы кино түсіретін кезең басталып кетті. Бірақ, адамдар уақыт өте келе, жылына бір ғана сапалы кино түсірудің пайдалы әрі ыңғайлы болатынын түсінеді. Сол кезде өндірісте шынымен де кино өнерімен өмір сүретіндер ғана қалатын болады.

Сондай-ақ, режиссер авторлық картиналармен жұмыс істеп көргісі келетінін айтты. Мұндай жобалар көрермендер арасында аса танымал болмаса да, Ұзабаев өз идеясын жүзеге асырмақ ниетте.

Фото: Voxpopuli.kz
Фото: Voxpopuli.kz

«Жобаларымнан түскен қаржыдан болашақ авторлық фильмдеріме ақырындап қаражат жинап жатырмын. Бір сценарий дайын. Оған шамамен, 4 жыл болды. Оны Әділхан Ержановпен бірге жаздық. Тағы да жазғым келетін бір идея бар. Қуанышқа орай, қазір коммерциялық табыстың болмайтынына қарамастан, осындай идеяларды қолдайтын меценаттар бар», - деп қоса кетті кинематографшы.

Еске сала кетсек, 2017 жылы Асқар Ұзабаев айналымға үш фильм шығарған болатын: «NinetyOne», «Келін де адам баласы» және «Қазаққа ғашық болмаудың 5 себебі». Биылғы жылы қоюшы көрермендерге «Батырлар жолы» хикаясын және «Махаббат» дәмханасы» толықметражды таспасын ұсынады.

 

Превью: Voxpopuli.kz

 

3 пікір

Пікір қалдыру үшін

Maxim Bogomolov

16 маусым 2018, 15:52

Это точно!

Бектургангов Галижан

20 маусым 2018, 09:17

Аскар Узабаев прав

Динара Динара

20 маусым 2018, 14:41

Ни одного интересного сценария, все ни о чем и не остаются в памяти даже, обсуждать и анализировать нечего

Таныс бейне

Досхан Жолжақсынов

Актер