È

Эмир Байғазиннің «Өзен» фильмінің азиаттық тұсаукесері Токиодағы Халықаралық кинофестивальде өтеді

Эмир Байғазиннің «Өзен» фильмінің азиаттық тұсаукесері Токиодағы Халықаралық кинофестивальде өтеді

Отандық режиссер әрі сценарист Эмир Байғазиннің «Өзен» картинасы 2018 жылдың 25 қазаны мен 3 қараша аралығында өтетін 31-ші Токиодағы әлемдік кинофестивальдің негізгі байқау бағдарламасына қатысады.

Байқауға 109 ел қатысты, олар 1829 картина ұсынды, іріктеу де өткізілді. «Өзеннен» бөлек, байқауға Еуропа, Азия мен Америкадан келген 15 фильм қатысады. Фестивальде көрсетілетін алғашқы картина Брэдли Купердің режиссерлік дебюті «Жұлдыз дүниеге келді» мюзиклі болмақ.

Эмир Байғазиннің Facebook-тағы жеке парақшасынан
Эмир Байғазиннің Facebook-тағы жеке парақшасынан

«Өзен» фильмінің әлемдік тұсаукесері Венеция кинофестивалінде өтті, ол жақта Байғазин «Көкжиектер» бағдарламасының үздік режиссері атанды. Солтүстік Америкалық тұсаукесері 2018 жылдың қыркүйегінде Торонтодағы Халықаралық кинофестивальде болды. Картина «Платформа» байқау бағдарламасында таныстырылып, қазылар алқасының көзіне түсіп, Screen Daily тәуелсіз киносыншылар рейтингінде алдыңғы қатарлы орынға ие болды. Өз фильмі үшін Эмир Байғазин шетел баспасөзі Голливуд ассоциациясының грантын иеленді.

Кинофестивальдің атқарушы директоры Ёси Ятабэ «Өзен» картинасы жайлы жағымды пікір білдіріп, түсірілім мен режиссерді мақтады.

Қазылар алқасының құрамы келесідей болмақ: режиссер Брильянте Мендоса, продюсер Брайан Берк, актрисалар Таране Алидости мен Кахо Минами, режиссер әрі продюсер Стэнли Кван.

 

Данил Жигалин

 

Превью: kazakhfilmstudios.kz

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Линда Нығматулина

Актриса

Геннадий Балаев

Актер

Нұржұман Ықтымбаев

Актер