È

Эмир Байғазиннің «Өзен» фильмі Toronto International Film Festival-де көрсетіледі

Эмир Байғазиннің «Өзен» фильмі Toronto International Film Festival-де көрсетіледі

Режиссер Эмир Байғазиннің «Өзен» көркем фильмі Торонтодағы 43-ші Халықаралық кинофестиваліне (Toronto International Film Festival) қатысатын болды. Көрсетілім 2018 жылы 6-16 қыркүйек аралығында өтеді.

«Өзен» картинасы бүкіл әлемнің үздік авторлық жұмыстары таныстырылатын «Платформа» байқау бағдарламасына енді. Қазақстандық таспаға Аустрия, Бразилия, Ұлыбритания, Германия, Қытая, Мексика, АҚШ, Франция және Швейцария елдерінен келген 11 картина бәсекелес болмақ. Фильмдерді неміс актрисасы, режиссер, Венеция және Берлин кинофестивальдерінің жүлдегері Маргарете фон Тротта, венгерлік қоюшы, Канн фестивалі жүлдесінің иегері Бела Тарр және оңтүстік кореялық режиссер Ли Чхан-дон бағалайтын болады.

Еске сала кетсек, «Өзен» - Аслан жайлы трилогияның соңғы бөлімі. Сюжетте шалғайдағы қазақ ауылында тұратын ағайындылар көрсетіледі. Балалардың өмірі қаладан қонақ келген соң, түбегейлі өзгеріске ұшырайды. Кейіпкерлерді Жалғас Кланов, Жасұлан мен Руслан Өсербаевтар, Ерік Тазабеков және Бақдәулет Сағындықов сомдады.

Өткен жолы картинаның 75-ші Халықаралық Венеция кинофестиваліне қатысатыны хабарланған.

Toronto International Film Festival 1976 жылдан бері Канаданың Торонто қаласында жыл сайын өткізіліп келеді. Бағдарламасы 2015 жылы құрылды, ереже бойынша, бағдарламада үздік режиссерлік көзқарасты көрсететін жоғары деңгейлік көркем фильмдер көрсетіледі.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Тимур Жақсылықов

Сценарист