È

Баян Алагөзова: «Сиситай – бүкіл әлемдегі ең жарқын есім»

Баян Алагөзова: «Сиситай – бүкіл әлемдегі ең жарқын есім»

Баян Алагөзова «Сиситай» фильм-мюзиклінің жабық көрсетілімін өткізді. Shine production өндірісіндегі кинотаспаны алғашқылардың бірі болып, БАҚ өкілдері, киноқайраткерлер мен шоу-бизнес жұлдыздары тамашалады.

Картинадағы оқиға әнші болуды армандайтын Сиситайдың айналасында өрбиді. Бірақ, ол қанша тырысса да, жолы болмайды. Бойжеткен тағдырдың қалауымен бір күні продюсер Алиса Мақсұтқызымен танысады, ол қызға өз мюзиклінен рөл сыйлайды.

«Кейіпкердің есімін ешкімде жоқ өзгеше атаумен атауды мен ойлап таптым. Егер біз оны Гуля, Сәуле немесе Дина десек, қызық болмас еді. Маған «Сіз неге фильмді дәл «Сиситай» деп атадыңыз, «Ұялмайды екенсіз, осылай мысқылдауға бола ма?» деген сынды сұрақтар көп қойылды. Фильмді көргендер Сиситайдың бүкіл әлемдегі ең жарқын есім екенін түсінеді. Біз әлемдік әртістің есімінен бастапқы әріптерін алып, соңына қазақша жалғау жалғадық. Нәтижесінде, осындай керемет есім дүниеге келді», - деп түсіндірді Баян Алагөзова.

Картинадағы басты рөлді Әйгерім Мергенбай сомдады. Жас актрисамен қоса, фильмге «Алау» бойз-бендінің мүшелері: Әсет Арыстанбек, Ербол Салықбаев, Хамит Сатаев, сондай-ақ, Баян Мақсатқызы және Олжас Абай түсті. Картинада Түрсен Алагөзов те төбе көрсетеді.

«Фильмге Түрсенді шақыру менің идеям емес. Режиссеріміз Ернар Нұрғалиевтің ойы болатын. Біз Түрсенге рөл бере алмадық, себебі ол кәсіби актер емес. Дегенмен, үш сөзді ғана айтуы үшін, мен оны екі ай бойы көндірдім. Ол «Ол менікі болуы тиіс» деген сөзді айту үшін ұзақ дайындалды. Тіпті, жиырма шақты дубль болған шығар», - деді продюсер.

Фильм әндерін композиторлар Бауыржан Бимахан, Шавкет Құрбанов, Ербол Салықбаев және Шоқан Уәлихан жазды. Жобаның музыкалық продюсері Бағым Мұхитденова болды.

Мюзиклдің түсірілімі Алматыда өтті. Картина 25 күннің ішінде түсірілді. Авторлардың айтуынша, фильм бюджеті 400 мың долларға жуық болған.

«Сиситай» кинотеатрлардан 8 наурыздан бастап көрсетіледі.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Тұңғышбай Жаманқұлов

Актер

Линда Нығматулина

Актриса

Геннадий Балаев

Актер

Нұржұман Ықтымбаев

Актер