Баян Мақсатқызының (Есентаева) «Сиситай» мюзиклі 2018 жылдың көктемінде айналымға шығады
«Сиситай» мюзиклінің түсірілімі аяқталды, картинаның бас продюсері - Баян Мақсатқызы (Есентаева). Картина Алматыда бір ай бойы түсірілді.
«Сиситай» фильмі - ән айтуды жақсы көретін жасөспірім қыз Сиситай туралы әсерлі хикая. Әкесі қызының мұндай хоббиіне қарсылық танытады. Тағдырдың қалауымен Сиситай бір продюсермен танысады. Енді кейіпкер ештеңеден тайсалмай, музыка үшін жаралғанын дәлелдеуге тырысады.
Әйгерім Мергенбаева және Әсет Арыстанбек «Сиситай» фильмінің түсірілімінде
Картинадағы Сиситай рөлін Әйгерім Мергенбаева сомдады. Сондай-ақ, фильмге Баян Мақсатқызы мен Турсенғали Алагөзов, Кәмшат Жолдыбаева, «Алау» тобының әншілері: Ержан Мұқатаев, Ербол Салықбаев, Әсет Арыстанбек және Хамит Сатаев түсті.
«Сиситай» фильмінің түсірілімі қазан айының соңында басталған. Кинотаспа режиссері - Ернар Нұрғалиев, қоюшы-операторы - Алехандро Чавес.
Авторлардың айтуынша, көрермендер жарқы әрі бірегей кейіпкерлерге толы әсерлі киноның куәсі болмақ.
Отандық мюзикл үлкен экранға 2018 жылдың наурызында шығады.
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін