«Қазақша кәсіп Америкада» киноайналымда рекорд орнатып жатыр
«Қазақша кәсіп Америкада» комедиясы киноайналымда рекорд орнатып, Қазақстан киносы тарихында ең кассалы картина атануға шақ қалды. Фильм айналымдағы 6 аптаның ішінде 550 миллионнан астам теңге жинаған.
«Қазақша кәсіп Америкада» - 2016 жылы жарыққа шыққан «Қазақша кәсіп» комедиялық таспасының сиквелі. Жаңа бөлімде Жомарт қонақ үйіне халықаралық бедел алу мақсатында Америкаға аттанады. Іссапар күлкілі хикаялар мен әсерлі шытырмандарға толы болады.
Фильммен режиссер Жеңісхан Момышев және қоюшы-оператор Азамат Дулатов айналысты. Жобаның бас продюсері - Нұрлан Қоянбаев.
«Қазақша кәсіп Америкада» фильмінен көрініс
Комедияның негізгі түсірілімі Лос-Анджелесте өтті. Оған Жан Байжанбаев, Рамазан Амантай, Нұрлан Қоянбаев және шетелдік актерлар қатысты.
Айта кету керек, «Қазақша кәсіп Америкада» әлі де айналымда, сондықтан картинаның кассалық жинағы тағы да көбейе бермек.
3 пікір
Пікір қалдыру үшін
Даник
2 февраля 2018, 23:38Қуаныштымын! Керемет кино! Бірнеше рет көрдім өз басым! Ерекше ұнады! Жарайсыңдар!!!
Ануар Кенжибаев
3 февраля 2018, 00:26Поздравляю всех участников проекта! Явный рекордсмен! Пусть потянет до 1 млрд. Тенге
Дания Кузембаева
5 февраля 2018, 11:35Круто! Молодцы!