È

Басты рөлді Ғазиза Әбдінәбиева сомдайтын «Детектив әже» «Хабар» эфирінде

Басты рөлді Ғазиза Әбдінәбиева сомдайтын «Детектив әже» «Хабар» эфирінде

Режиссер Серікбол Өтепбергеновтың «Детектив әже» хикаясы «Хабар» телеарнасының эфирінен көрсетіле бастады. Басты рөлді Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі Ғазиза Әбдінәбиева сомдады.

Сюжетте немересі Мұратпен мақтанатын Гүлдана апай баяндалады. Ол немересін қалалық полицияда қызмет атқарып, жоғары лауазымда отыр деп ойлайды. Бірақ, бір күні әйел немересінің актер болуға тырысып, өзін алдап келгенін біліп қояды. Нәтижесінде, Мұрат апасымен қалады да, оны бәрібір учаскелік полицей қылып орналастырады. Тек шығармашыл Мұратқа қылмысты ашу қиынға соғады, сол кезде оған көмекке Гүлдана апай келеді.

Фото «Хабар»
Фото «Хабар»

Мұраттың рөлін актер Ниязбек Шайсұлтанов сомдады, ол Джами Бейсеновтің «Миымды ашытпаңыздаршы» фильмінде ойнаған болатын. Сонымен қатар, хикаядан Дастен Шәкіровті, Асқар Наймантаевты, Шерхан Пірназаровты, Гүлназида Омарованы, Ұлбосын Шалқарованы көруге болады.

Бас продюсері - Адель Оразалинова, қоюшы-операторы - Саят Жанғазинов және сценаристі - Николай Пак.

«Детектив әже» көпбөлімді хикаясы жұмыс күндері сағат 19:30-да көрсетіледі.

Айта кетсек, режиссер Серікбол Өтепбергенов биылғы көктемде «Алтыншы бекет» дебютті толық метрін таныстырған еді.

 

Превью: «Хабар»

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Дастен Шәкіров

Актер