È

Динара Бақтыбаева Әділхан Ержановтың «11-ықшам ауданындағы атыс» фильміне түспек

Динара Бақтыбаева Әділхан Ержановтың «11-ықшам ауданындағы атыс» фильміне түспек. Қазақстан киносы

Актриса Динара Бақтыбаева жаңа жобаның түсіріліміне дайындалып жүр. Бойжеткен Әділхан Ержановтың «11-ықшам ауданындағы атыс» көркем фильміне түспек.

Картина Динараның жетінші толық метрі болмақ. Оның қатысуымен түсірілген алдыңғы фильмдер: «Жігіт пен қыз», «Super Той», «Қазақ хандығы. Алмас қылыш», «Питерден келген оралман» және «Желіде».

Актриса brod.kz-ке берген сұхбатында артхаусты кино режиссерларымен жұмыс істеп көргісі келетінін жасырмады.

«11-ықшам ауданындағы атыс» драмасы – «Astana film fund» компаниясының төртінші киножобасы. Алдыңғы картиналары «Аудандар», «Бойжеткен» және жақында ғана өндіріске жіберілген «Кәсіпкерлер» фильмі. «11-ықшам ауданындағы атыс» фильмі туралы алғаш рет Канн кинофестивалінде белгілі болды. Туынды шетелдік көрермендерге Қазақстан павильонының аясында таныстырылған болатын.

Көркем таспаның түсірілімі жақын арада басталады.

 

Суреттер Динара Бақтыбаеваның жеке Instagram парақшасынан алынды

 

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Мырзахмет

24 шілде 2017, 12:58

Динара сыграет. Но хочу за душевный момент уловит смысл и будет ли он по 10 бальной шкале увидим.

Таныс бейне

Айнұр Ниязова

Актриса

Гүлшат Ахметова

Актриса

Сергей Червяков

Актер

Тимур Бекмамбетов

Режиссер