È

XIV «Киносынама» фестивалінде Қазақстанды екі фильм таныстырады

XIV «Киносынама» фестивалінде Қазақстанды екі фильм таныстырады

XIV «Киносынама» фестивалінің байқау бағдарламасына екі қазақстандық фильм енді. Ойнамалы студенттік кино бөлімінде Берік Жахановтың «Еркек» жұмысы, ал дебютант-фильмдер бөлімінде Максим Қодаровтың «Куб» фильмі көрсетіледі. «Киносынама» фестивалі Ресейде, Екатеринбургта 1-4 желтоқсан аралығында өтеді.

Берік Жахановтың «Еркек» картинасы анасымен бірге тұратын Азамат туралы баяндайды. Ол өтпелі жаста бой бермей, жаман жолға түсіп кетеді. Кейін аяқ астынан әкесі пайда болады.

«Еркек» фильмінен көрініс

Максим Қодаровтың «Куб» фильмі музыкалық мектепте еден жуушы болып жұмыс істейтін егде тартқан әйел туралы баяндайды. Әйел бақытсыз, себебі бір кездері қолдағы барынан айырылып қалған еді.

Айта кету керек, екі картина да халықаралық фестивальдерде көзге түскен. «Еркек» «Қырғызстан – қысқаметражды кино елі» фестивалінің жеңімпазы және I Республикалық «Байқоңыр» қысқаметражды кинофестивалінің жүлдегері болған.

«Куб» фильмінен көрініс

«Кубтың» қоржынында алғашқы Pure Халықаралық кинофестивалінің «Гран-приі» және 2017 жылғы Орыс халықаралық кинофестивалінің «Қазылар алқасының арнайы дипломы» бар.

«Киносынама» фестивалі – 2004 жылдан бері өткізіліп келе жатқан жыл сайынғы байқау. Алғашқы үш фестиваль қысқаметражды анимациялық фильмдерге арналған. 2007 жылдан бастап көрсетілімге қысқаметражды ойнамалы және деректі картиналар қатыса бастады. Байқаудың қатысушылары – барлық кино мектептерінің студенттері мен оқушылары.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Досхан Жолжақсынов

Актер