È

Қазақстандық екі фильм Каннда таныстырылады

Қазақстандық екі фильм Каннда таныстырылады

Отандық режиссерлер Диас Әзімжановтың «Ultio» және Әбдібек Сембиевтің «MADI» фильмдері Канн кинофестивалінің Short Film Corner бағдарламасына қатысатын болды. Қысқаметражды картиналар әлемнің 150 елінен қатысатын фильмдермен бірге таныстырылады.

Диас Әзімжановтың «Ultio» отбасылық кикілжің тақырыбына негізделген. Драма жақын адамдардың арасындағы түсінбеушілік, әке мен бала арасындағы алшақтық мәселесі жайлы.Фильмнің түсірілімі Лос-Анджелесте өтті, киножобаға 50 адам қатысты.

«Ultio» фильмінен кадр

«Фильм қазір Канн кинофестивалінің Short Corner бағдарламасында. Бұл мақтанарлық жетістік болмаса да, дегенмен өз жобамызды әлемдік кино өкілдерінің алдында таныстыруға, потенциалды инвесторлартабуға мүмкіндік береді. Маған байқаудың Cinefondation бағдарламасы қызығырақ, мен осы бағдарламаға қатысуға да өтініш бердім», - дейді Диас Әзімжанов.

Екінші фильм - Бигелді Әбдібектің «MADI» драмасы. Бұл Алматыдағы «Сталкер» киномектебінің «Режиссура» мамандығы бөлімі түлегінің дебюттық картинасы. Қысқа метрдің сюжеті баласымен байланысын үзген әке туралы баяндалады. Отбасылық байланысты қалпына келтіру үшін әкесі бақытты сәттерді еске түсіруге тырысады. Ер адам баласымен қарым-қатынасын барынша жақсартқысы келеді.

«MADI» фильмінен кадр

Айта кету керек, дәл осы секцияда қазақстандық 11 жас режиссердың жұмысы таныстырылған еді.

70-інші Халықаралық Канн кинофестивалі 17-28 мамыр аралығында өтеді.

 

Аруна Алимтаева

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Askhat

13 наурыз 2017, 19:57

"Что не является поводом для гордости". как говориться все начинается с мелких побед

Таныс бейне

Досхан Жолжақсынов

Актер