È

«Еуразия-2018»: Астанада алғаш рет «Талан» фильмі көрсетілді

«Еуразия-2018»: Астанада алғаш рет «Талан» фильмі көрсетілді

Астанада Болат Қалымбетовтың «Талан» көркем фильмінің тұсаукесерлі көрсетілімі өтті. «Қазақфильм» өндірісіндегі картина XIV Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің «Керуен» бағдарламасы аясында көрсетілді. Көрсетілімге фильм авторлары да қатысты.

«Талан» картинасы жазушы Жүсіпбек Қорғасбековтің «Қасқыр-адам» повестінің желісімен түсірілген. Таспадағы оқиға өткен жүзжылдықтың 30-40-жылдары әскери диктатура кезінде болған. Басты кейіпкерлер – жетім балалар, олар соғыс пен аштық кезеңде аман қалудың қамын жасайды.

«Талан» фильмінен көрініс
«Талан» фильмінен көрініс

«Мен Болат Қалымбетовпен екі жыл бұрын «Қазақфильм» киностудиясында алғаш рет кездестім. Кейін маған хабарласып, оның фильм түсіріп жатқанын және рөлдердің бірінен мені көргісі келетінін айтты. Түсірілім техникалық жағынан қиындық тудырды, себебі күз мезгілі еді, жиі қар жауып, аяз болатын. Егер эмоционалды жағынан қарасақ, режиссердің кеңестерінің арқасында актерлар өз рөлдеріне барынша ене алды деп ойлаймын. Біз 27 күн түсірдік, бірақ барлығы бір сәтте жылдам өтіп кеткендей болды», - деп бөлісті актриса Шынар Жанысбекова.

Кинотаспа 2016 жылы Алматы мен Алматы облысында түсірілді. Фильмге актерлар Ерік Жолжақсынов, Ержан Нұрымбет, Ұлан Нүсіпәлі, Асан Мәжит, Оңдасын Бесікбасов қатысты.

«Талан» фильмінен көрініс
«Талан» фильмінен көрініс

Қоюшы-режиссер Болат Қалымбетов үшін «Талан» 13 жылдық үзілістен кейінгі бірінші жұмысы болды. Оның алдыңғы жұмысы - 2004 жылы жарыққа шыққан «Сардар» картинасы.

Айта кету керек, XIV Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі Астанада 1 шілде күні басталған. Кинокөрсетілім аясында көрермендерге «Қазақфильм» студиясы түсірген екі анимациялық таспа - «Күлтегін» мен «Мұзбалақ» көрсетілді.

 

Превью: kazakhfilmstudios.kz

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Бибігүл Ақтан (Сүйіншәлина)

Актриса

Тимур Жақсылықов

Сценарист