È

«14 қыз. Самая красивая» Солтүстік Кавказда және Сочиде түсіріледі

 «14 қыз. Самая красивая» Солтүстік Кавказда және Сочиде түсіріледі

2017 жылдың сәуірінде «14 қыз. Самая красивая» романтикалық комедиясының түсірілімі басталады. Картина Қанағат Мұстафиннің прокатта табысқа жеткен «16 қыз» фильмінің жалғасы болмақ.

«Егер «16 қыз» сәтті шықса режиссер Қанағат Мұстафин жалғасын түсіреді деп жоспарланған болатын. Екінші фильм отбасымен көретін кеңес комедияларының стилінде түсіріледі. Картина ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен түсіріледі. Фильмнің өндірісімен «Қазақфильм» киностудиясы, «Kanaidar production» және «Чеченфильм», сондай-ақ алдыңғы картинамен жұқмыс істеген түсірілім тобы айналысады», - дейді продюсер Айдархан Әділбаев.

«14 қыз. Самая красивая» фильмі Сочиден басталады, ол жақтағы музейден ұүны 20 мың доллар тұратын көне құмыра ұрланады. Күдіктілердің қатарында басты кейіпкерлері Самат, Тимур, Бауыржан бар. Достар саматқа қалыңдап іздеп жүрген болатын. Сөйтіп жүріп қызықты оқиғаға тап болады.

басты рөлдерде Берік Айтжанов, Дәурен Айдарқұлов және Қуаныш Долдаев. Басқа рөлдерге кейінірек кастинг өткізіледі.

Жаңа роуд-мувидің түсірілімі Қазақстанда, Солтүстік Кавказда және Сочиде өтеді.

Айдархан Әділбаевтың айтуынша, кинолентаның бюджетті «16 қыз» картинасыныкіндей. Естеріңізге сала кетейік, комедия 400 мың долларға түсірілген болатын.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Еркебұлан Тасынов

Актер

Меруерт Қасымбек

Актриса

Әділет Әбдірәсіл

Актер

Әсет Әбдірәсіл

Актер

Ахат Ибраев

Режиссер