È

«Адель» фильмін «Бродвейден» көре аласыз

 «Адель» фильмін «Бродвейден» көре аласыз

Режиссер Асқар Бисембиннің «Адель» фильмін енді «Бродвей» (Brod.kz) кинопорталынан көре аласыз. Картинаны жарнамасыз режимде 300 теңгеге көруге болады.

«Адель» фильмі - Sunny production студиясының алғашқы жобасы. Бас продюсері және басты рөлді орындаушы Әсел Сәдуақасова. Драмаға сценарий жазған Асқар Бисембин мен Николай Пак. Қоюшы-операторы Азамат Дулатов.

отбасынан дағ сүйікті ісінен де қапыда айырылып қалған белгілі композитор Бекжан ішкі күйігін басу үшін ішімдікке салынады. Оның күйзелістен шығуына жас суретші қыз Адель есімді қыз көмектеседі. Кездейсоқ танысқан олардың арасында махаббат сезімі пайда болады. Ол музыка әлеміне қайта орала ала ма, әлде оған өмір басқа қандай тосынсый әзірлеп қойды?

Басты рөлде Берік Айтжанов («16 қыз», «Жұлдыздар тоғысқанда») және Әсел Сәдуақасова («Замуж в 30», «Рывок»).

Фильм прокатқа 2015 жылы шықты. «Бродвей» кинопорталында «Адель» фильміне рецензия жарияланған.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер