È

Самал Еслямованың қатысуындағы «Айка» фильмі отандық айналымға шықты

Самал Еслямованың қатысуындағы «Айка» фильмі отандық айналымға шықты

Сергей Дворцевойдың «Айка» фильмі отандық айналымға шықты. Алайда, Қазақстанға тарихтағы Канн кинофестивалінің бірінші жүлдесін алып келген картинаны барлық отандастар көре алмайды. Драма көрсетілімі тек алматылық Kinopark 11 IMAX Esentai кинотеатрында өтіп жатыр.

«Айка» кинотаспасында Мәскеуде заңсыз жұмыс істеп жүрген Айка есімді бойжеткен баяндалады. Кейіпкер ірі көлемдегі қарызын қайтару үшін ақша табуға тырысады. Жоспарланбаған жүктілік, бала босану оған мақсатқа жетуіне кедергі келтіреді. Сәбиін перзентханаға қалдырып кеткен Айка болашағын ғана емес, жаңа туған сәбиінің де тағдырын құртады.

Фильмдегі басты рөлді қазақстандық актриса Самал Еслямова сомдады. Оның жұмысын 71-ші Халықаралық Канн кинофестивалінде жоғары бағалап, «Үздік әйел рөлі» жүлдесін ұсынды.

Картинаны Шымкентте туып-өскен ресейлік режиссер Сергей Дворцевой түсірді. Сонымен қатар, драма өндірісіне қазақстандық продюсер Гүлнар Сәрсенова, Қытай продюсерлері Луна Ванг пен Ли Жу атсалысты.

«Айка» көрсетілімі аншлагпен өтіп жатса да, фильм айналымда бір апта ғана жүреді.

Еске сала кетсек, фильм тұсаукесері алғашқы Almaty Film Festival халықаралық кинофестивалінде өткен болатын.

Ыңғайлы көрсетілім кестесін кинотеатрлар афишасынан көруге болады.

 

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Тұңғышбай Жаманқұлов

Актер