È

«Алтын Емел» фильмі «Мөңгү» этно-экологиялық фильмдер кинофорумына қатысуда

«Алтын Емел» фильмі «Мөңгү» этно-экологиялық фильмдер кинофорумына қатысуда

Фотограф-зерттеуші Олег Беляловтың «Алтын Емел» деректі таспасы алғашқы Халықаралық «Мөңгү» этно-экологиялық фильмдер кинофорумында көрсетіледі. Фестиваль III Бүкіләлемдік көшпенділер ойындары аясында Ыстық көлдің жағалауында өтуде.

«Алтын Емел» фильмі ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен «Қазақфильм» киностудиясында түсірілді. Таспа кейіпкерлері – «Алтын Емел» мемлекеттік ұлттық табиғи қорығы және оның мекендеушілері. Көрермендер мынадай сұрақтарға жауап таба алады: бұл өлкенің ерекшелігі неде? Саябақ туристерге несімен қызықты? 20 жыл ішінде қорықтың флорасы мен фаунасында қандай өзгерістер болды?

Олег Беляловтың фотосы
Олег Беляловтың фотосы

«Мөңгү» кинофорумының ұйымдастырушылары табиғи ресурстарды сақтауға және қоршаған ортаны қорғауға үндейді, сондай-ақ қоғамға осы сұрақтардың маңызы мен көлемін киномәдениет арқылы жеткізуді жөн санайды. Кинотаспалар көрсетілімдерінен бөлек, шарада семинарлар, халықаралық кинематографшылар мен экологтардың қатысуымен шеберлік сағаттары өтеді.

Фестиваль жеңімпаздарын көрермендер таңдайды. Қатысушыларды марапаттау мен жабылу салтанаты 6-шы қыркүйек күні болады.

Еске салсақ, алдыңғы жолы «Алтын Емел» фильмі Кино және туризм саласындағы азиаттық өнер апталығында марапатқа ие болған.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Нұржұман Ықтымбаев

Актер

Венера Нығматулина

Актриса