È

«Әміре» фильмі «Еуразия-2018» ХКФ-нің байқау бағдарламасына енді

«Әміре» фильмі «Еуразия-2018» ХКФ-нің байқау бағдарламасына енді

«Әміре» отандық драмасы XIV Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі байқау бағдарламасының қатысушысы атанды. Картина 12 фильм таңдалған «Халықаралық байқау» бөліміне енді.

«Еуразия» кинофестивалі 2018 жылдың 1 шілдесінде Астанада басталады. Қазақстандық «Әміре» таспасымен қатар, «Халықаралық байқауда» келесі жұмыстар таныстырылмақ: «Қыздар әрдайым бақытты» - Ян Минмин (Қытай), «Тау Сүлеймен» - Елизавета Стишова (Ресей, Қырғызстан, Польша), «Кеш аяқталды» - Мари ГарельВайс (Франция), «Ага» - Милко Лазаров (Болгария, Германия, Франция), «Кептер» - Бану Сивачи (Түркия), «Ауыздағы көпіршік» - Янис Нордс (Латвия, Польша, Литва), «Аңдушы автостоп» - Хидже Джонг (Оңтүстік Корея), «Анна шайқасы» - Алексей Федорченко (Ресей), «Беріктік» - Рашид Мәліков (Өзбекстан), «Көкжиектер» - Светислав Драгомирович (Сербия) және «Деде» - Мариам Хачвани (Грузия).

«Әміре» фильмінен көрініс
«Әміре» фильмінен көрініс

Қатысушыларды арнайы қазылар алқасы бағалайды, олардың құрамында ирандық продюсер Әмір Асфандияри, итальяндық режиссер Габриэлла Кристиани, отандық режиссер әрі сценарист Ермек Тұрсынов және Сан-Францискодағы 1993-2011 жылдар аралығындағы кинофестивальдің ұйымдастырушысы Питер Скарлет бар. Қазылар алқасының төрағасы – қытай режиссері әрі продюсер Ван Сяошуай.

Еске сала кетсек, «Әміре» картинасы қазақ теноры Әміре Қашаубаевтың Парижге барған саяхатын баяндайды. Әнші-импровизатор әншілер байқауында күміс медаль ұтып алып, қазақ тарихында Бүкіләлемдік «ЭКСПО-1925» көрмесіне қатысқан алғашқы әнші атанды. Фильмді американдық режиссер Джефф Веспа түсірді, ал басты рөлді Санжар Мәди сомдады.

XIV Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі биылғы жылдың 7 шілдесіне дейін жалғасады.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Әмір Қарақұлов

Режиссер

Бибігүл Ақтан (Сүйіншәлина)

Актриса