È

«Бойжеткен» фильмі екі кинофестивальдың бағдарламасына енді

 «Бойжеткен» фильмі екі кинофестивальдың бағдарламасына енді

«Бойжеткен» қысқаметражды фильмі Испаниядағы Festival de cortometrajes Jose Francisco Rosado, Сербиядағы FreeNetWorld International Film Festival фестивальдарына қатысады. Картина режиссеры - Абдель Фифтибаев («С любовью из Алматы»).

«Бойжеткен» фильмі кездейсоқ кездескен жас жігіт пен қыздың оқиғасы. Осы кездесу олардың өмірін түбегейлі өзгертті.

Авторлардың айтуынша, о баста толық метр түсірілмекші болған. Алайда қаржы жетіспеушілігіне байланысты шығармашылық топ қысқаметражды нұсқасын түсіруді ұйғарған. Түсірілім Алматда небәрі 2 күнге созылды. «Бойжеткен» қысқа метрін екінші режиссер Айдос Нұрболатов және оператор Иван Рясков түсірді.

Festival de cortometrajes Jose Francisco Rosado байқауы қысқаметражды фильмдердң сапасын жақсартуға негізделген. Басты сыйлығы «Алтын бума» және қаржылай қоры 100-200 евро. Нәтижесі 2017 жылдың 7 қаңтарында белгілі болады.

FreeNetWorld International Film Festival әлемнің әр түкпірінен келген креативті авторлар мен олардың жұмыстарына қолдау білдіреді. Байқауға түрлі категориядағф фильмдер қатыса алады: деректі, ойын, анимациялық, музыкалық видео және тәжірибелік кино.

Бұған дейін «Бойжеткен» қысқа метрі Польшадағы Eurоshorts ХКФ қатысқан болатын, онда картина әлемнің 33 елінен келген 112 картинамен бақ сынасты.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Төлеубек Аралбай

Актер

Нұрлан Әлімжанов

Актер