È

«Тағы бір күн» фильміне қазақ тілінде дубляж жасалды

 «Еще один день» фильміне қазақ тілінде дубляж жасалды

2017 жылдың 5 қаңтарына бастап отандық прокатқа «Тағы бір күн» фильмі шығады. Жақында картинаның түсірушілері фильмнің қазақ тіліне дубляж жасалғанын айтты.

Кинолентаның сценарий авторы және режиссеры Виталий Кистанов, автор үшін «Еще один день» фильмі - режиссерлық дебют.

«Фильмнің идеясы менің жұбайымдікі: картинаның синопсисі оның дипломдық жұмысын қорғау кезінде жазылған. Кейіннен идея қысқа метрден толықметаржды фильмге өзгерді. Біз табиғаттың адам баласына бағынбайтыны туралы, тірі қалудың тарихы туралы оқиға түсірдік. О баста мен байтақ еліміздің тамаша табиғатын көрсеткім келді. Шымбұлақ тауының сұлулығы көрерменді бейжай қалддырмайды, ерекше таңғалдырады деп үміттенемін», - дейді режиссер Виталий Кистанов

Естеріңізге сала кетейік, кинолента адам баласының өз өмірі үшін күресі туралы оқиғаны баяндайды. Сюжет бойынша Испаниядан келген фотограф достарымен кездесуге шымбұлаққа барады. Бірақ абайсызда құлап кеткен ол үлкен сынаққа кез болады. Табиғат кейіпкерге күн сайын жаңа сынақтар жібереді, ол өмірі үшін күреседі.

басты рөлдерде: Виктор Бондарев, Латина Сатарова, Кажимухан Калимбетов, Александр Багрянцев және басқалар.

Картинаның ресми саундтрегі «First» тобының «Еще один день» композициясы

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Ақан Сатаев

Режиссер

Тимур Жақсылықов

Сценарист