È

«Қазақ хандығы. Алмас қылыш» фильмі 72 миллион теңге табыс әкелді

«Қазақ хандығы. Алмас қылыш» фильмі 72 миллион теңге табыс әкелді

Рүстем Әбдрашевтің «Қазақ хандығы. Алмас қылыш» фильмі киностудия фильмдерінің ішінде касалық табыс жағынан көшбасшысы болып тұр. «Қазақфильм» деректері бойынша фильм 5 қаңтардан бастап ақпанның ортасына дейін 72 172 000 теңге табыс түсірген. Осы уақыт аралығында 2,5 мың сеанс жүрген, мұның 60% қазақ тілінде. Лентаның көрестілімі Қазақстан аумағында әлі жалғасуда.

Сондай-ақ киностудия 2016 жылы шыққан фильмдерден түскен табсты да жариялады. Түсірілген 8 картинаның үшеуі прокатта көшбасшы болған. :Ақан Сатаевтың «Анаға апарар жол» 147 миллион теңге, Қанағат Мұстафиннің «16 қыз» - 70 миллион теңгеден жоғары және Андрей Шальоптың «28 панфиловшы» - 61 миллион теңге табыс түсіріпті.

«16 қыз» фильмінен кадр

Прокатта мына фильмдер де табысты болды: Сергей Снежкиннің «Жұлдыздар тоғысқанда», Ерлан Нұрмұхамбетовтың «Жаңғақ ағашы» Серік Әбішев пен Руслан Магомадовтың «Бір күні балалар үйінде» , Сатыбалды Нарымбетовтың «Аманат» және Батырхан Дауренбековтың «Қазақ Елі» мультфильмі.

2016 жылы телеэкранда «Қазақфильм» базасында түсірілген 140 толықметражды көркем фильмд және 104 деректі картина көрсетілген.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Бибігүл Ақтан (Сүйіншәлина)

Актриса

Тимур Жақсылықов

Сценарист