È

«Америкада жасалған» фильмі алғашқы демалыста 10 млн. теңге жинады

12-15 қазан аралығындағы кассалық жинақ

Өткен демалыста отандық көрермендер «Америкада жасалған» фильмінде ғажайып Том Крузды ұшқыш рөлінде тамашалады, «6 фут тереңдікте» триллерінен өмір үшін таласты көрді және «Аритмия» драмасынан жас жұптың әсерлі хикаясына куә болды. Қазақстандықтардың айналымның қай жаңалығынан жалықпағанын, кімнің көбірек касса жинағанын Қазақстандағы кассалық жинаққа арналған арнайы материалдан біле алады.

«Жүзбен жүгіруші 2049» фильмін «Америкада жасалған» қылмыстық драмасы үздіктердің қатарынан ығыстырып тастады. Басты рөлді Том Круз сомдайтын картина 99 407 350 теңге жинаған. Фильм негізіне ең ірі есірткі тасымалдаушыларымен жұмыс істеген жас ұшқыш Барри Силдың шынайы оқиғасы арқау болған. Круз үшін аталмыш жоба үшінші өмірбаяндық таспасы болды. Алдыңғылары – 1989 жылғы «Төртінші шілдеде дүниеге келген» және 2008 жылғы «Валькирия» операциясы».

Екінші орынға «6 фут тереңдікте» шытырман оқиғалы триллері жайғасты. Фильмнің алғашқы жинағы 54 708 450 теңгені құрады. Картина - продюсер Такер Тули («Арамыздағы ғарыш») негізін қалаған Tooley Productions киностудиясының дебютті жобасы. Фильмнің режиссері «Жылдамдыққа әуестену» (2014) және «Айбынды заң» (2012) картиналарын түсірген Скотт Во болды.

«Америкада жасалған» фильмінен көрініс

«Салют-7» ресейлік картинасы тұсаукесерлі аптада 20 158 749 теңге жинаған. Фильм режиссер Клим Шипенконың бесінші толықметражды жұмысы атанды. Оның бұрын түсірген картиналары: «Кешірілмегендер» қылмыстық драмасы, «Мен кіммін?» детективті хикаясы, «Сүйеді, сүймейді» романтикалық комедиясы және «Миллионды қалай көтеруге болады. z@drot-тың тәубесі».

«Kingsman: Алтын сақина» фильміне көрермендердің қызығушылығы басыла бастағандай. Атыс-шабыс фильмінің кассалық жинағы 16 008 600 теңгені құрады. Жоба Джефф Бриджес пен Джуллиана Мур үшін үшінші біріккен картина болды. 1998 жылы екеуі ағайынды Коэндердің «Үлкен Лебовски» комедиясына, ал 2014 жылы Сергей Бодровтың «Жетінші ұл» фэнтезиіне түскен болатын.

Өткен аптаның үздігі болған «Жүзбен жүгіруші 2049» фильмі 15 915 140 теңге жинағымен бесінші орынға түсіп қалды. Фильмнің екі апталық жинағы 88 683 288 теңгені құраған. Кинофантастика Warner Bros. және Columbia Pictures студияларының екінші біріккен жобасы болды. Алғашқысы - Нэнси Мейерстің «Ережелі және ережесіз махаббат» мелодрамасы (2003).

«Қарғыс. Біздің күндер» хорроры кассаны 13 468 804 теңге толтырды. Режиссер әрі сценарист Ксавье Жанстың бұл бірінші қорқынышты фильмі емес. 2007 жылы оның «Шекара», ал 2012 жылы «Өлім әліппесі» фильмдері шыққан болатын. «Қарғыс. Біздің күндер» фильмі Румынияда, Бухарест пен Сигишоара қалаларында түсірілді. Фильм өндірісімен Motion pictures capital студиясы айналысты.

«Аритмия» фильмінен көрініс

«Арамызда таулар бар» кинотаспасы 9 188 400 теңге жинады. Актер Дермот Малруни («Жеңіл жүрісті ата») ұшақ апаты мен аман қалу жайындағы фильмге екінші рет түсіп жатыр. Оның алдыңғы жұмысы - Лиам Нисонмен бірге түскен «Шайқас» фильмі.

Борис Хлебниковтың «Аритмия» драмасы алғашқы демалыста 7 228 800 теңге жинаған. Алғашында режиссер сценарист Наташа Мещаниновамен бірге комедиялық хикая жазбақшы болған. Бірақ, уақыт өте келе картина жанры өзгереді. Фильм Ярославльда 2016 жылдың күзінде түсірілген.

«Ол» қорқынышты фильмі 6 131 200 теңге ғана жинады. Картина көрермендерді одан сайын қорқыта түсер еді. Бала Пеннивайзелдің өшіріп тасталған көрінісі ерекше болатын. Қуанышқа орай, ол көріністі айналымға арналмаған деп алып тастаған.

«My little pony кинода» мультфильмінен көрініс

«Кинодағы My little pony» мультфильмі жас көрермендерді ерекше қуанышқа бөледі, ол 5 660 200 теңге көлемінде пайда тапты. Режиссері «Менің кішкентай пониім: Достық деген керемет» хикаясының қойылымымен айналысқан Джейсон Тиссен болды.

5 миллионнан төмен жинаған фильмдер: «Бобби кірпі: Тікенекті оқиғалар» - 1 670 100 теңге, «Жанармай арасымен болған Техастағы шайқас: Былғары бет» - 300 000 теңге, «Ханым» - 232 300 теңге және «Борг/Макинрой» - 136 593 теңге.

Өткен аптада жеңіліс тапқандардың қатарында мынадай картиналар бар: «Сенің денең емес» - 94 200 (жалпы жинағы -7 696 800 теңге), «Эмоджи фильм» - 75 800 (жалпы жинағы - 130 882 063 теңге), «Сенің есімің» - 55 000 теңге, «Тамаша уақыт» - 50 400 теңге және «Періштелер қаласындағы махаббат» - 50 400 теңге (жалпы жинағы -9 073 306 теңге).

 

* Материал «Меломан-Кинопрокат» компаниясының, Comscore және Ticketon.kz жүйелерінің мәліметтері бойынша дайындалды

Қазақстанда Comscore жүйесіне Chaplin Cinemas, Star Cinema және Арсенал кинотеатрлар желісі қосылған

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Берік Арықбаев

Актер

Ақылжан Мақашев

Актер

Еркебұлан Тасынов

Актер

Меруерт Қасымбек

Актриса

Әділет Әбдірәсіл

Актер

Әсет Әбдірәсіл

Актер

Ахат Ибраев

Режиссер