È

«Все из-за мужиков» прокатта көшбасшылар бестігінде

 2-5 наурыз аралығындағы кассалық табыс

Өткен демалыс күндері қазақстандық көрермен «Логан» фильмінде Хью Джекманның Росомахқа айналуын, «Золото» триллеріндені Мэттью МакКонахи образын және «Всё из-за мужиков» отандық комедиясын тамашалады.

Өткен демалыс күндері прокатта кассалық табыс жағынан көш бастаған «Логан» фантастикалық боевигі. Тұсаукесерлік аптадағы картинаның табысы 303 976 450 теңге. Хью Джекман соңғы рет Росомахты ойнады. Себебі тері ауруы мен актердың жасы. Естеріңізге сала кетейік, актер осымен ооғызыншы рет супербатырдың рөірн сомдады, ал «Логан» фильмі Росомах туралы трилогияның қорытынды бөлімі. Франшиза ресейлік прокатта да көшбасшы болды, табысы – 455 миллион рубль.

Illumination Entertainment студиясының «Зверопой» анимациясының да қарқыны жаман емес. Екінші аптада фильмнің қоржыны 263 751 400 теңгеге қампайды. Режиссер Гарт Дженнингс үшін «Зверопой» екінші толықметражды («Сын Рэмбо» 2007) және бірінші анимациялық жоба. Гарт Дженнингстің фильмінде кейіпкерді мисс Кроули дыбыстады. Ресейде мультфильм 338 миллион рубль жинады.

«Зверопой» мультфильмінен кадр

Үшінші апта қатарынан көшбасшылар қатарынан «В поисках мамы» фильмі де қалар емес. Комедиялық драма 43 785 980 теңге жинады. Қырғыз режиссеры Руслан Акунның картинасы прокатқа 1 қаңтарда шығады деп күтілген болатын, алайда релиз күні 9 ақпанға ауыстырылды. Қазақстанда комедия 16 ақпанда таныстырылды. Режиссердың айтуынша, лентаны түсіруге шамамен 400 мың доллар жұмсалған.

«Всё из-за мужиков» отандық комедиясы тұсаукесерлік аптада 42 667 060 теңге жинады. Кинолента кинооператор Виктор Бормотовтың режиссерлық дебюті, ол бұған дейін ресейлік «Интерны» және «Универ» сериалдарында жұмыс істеген. «Всё из-за мужиков» түсірілімі Астанада 2016 жылдың шілде-тамыз айларында өтті. Фильмнің саундтрегі «Формат» тобының «Қазақ аруы» музыкалық шығармасы.

Бестікті түйіндейтін «Келинка тоже человек» қазақстандық картинасы. Әсел Сәдуақасованың үшінші продюсерлік жобасы 33 930 000 теңге табыс тапты. Фильмнің түсірілімі Алматыда 2016 жылдың қазан-қараша айларында өтті. Лентаның режиссеры Асқар Ұзабаев, ол бұған дейін көрермендер назарына «Гламур для дур» комедиясын ұсынған болатын. «Келинки тоже человек» комедиясының ресми саундтрегі Роза Рымбаеваның орындауындағы «Жарасты жанұя» компазициясы.

«Келинка тоже человек» фильмінен кадр

«Оскар-2017» номинанты «Лев» фильмі 20 043 200 теңге пайда түсірді. Кинолентада бас кейіпкер Сью Бриерлидің өгей шешесін Николь Кидман ойнады. Актрисаның айтуынша, ол өмірдегі Сьюмен түсірілім алдында танысқан және олар тез тіл табысып кетті. Никольдың экрандағы киімдері миссис Бриерлидің кимідерінің көшірмесі, ол киімдер ескі суреттерде бейнеленген.

Атсайдерлер: Мэттью МакКонахи қатысқан «Золото» фильмі 9 128 820 теңге табысымен, «Защитники» фантастикалық шытырман оқиғасы, табысы – 4 988 000 теңге, «Обитель зла: Последняя глава» триллері - 4 845 500 теңге.

 

*Материал Rentrak және Ticketon.kz. жүйесі арқылы әзірленді

Қазақстанда Rentrak-қа Chaplin Cinemas кинотеатрлар жүйесі қосылған.

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Askhat

7 наурыз 2017, 21:59

Ну "Логан" и "Зверопой" вполне справедливо оказались в лидерах, а вот почему "Золото" в аутсайдерах....

Таныс бейне

Төлеубек Аралбай

Актер