È

«Жол. Путь боксера» фильмі «Красногорский» ХКФ-де жеңіске жетті

«Жол. Путь боксера» спорт драмасы «Красногорский» ХКФ-де жеңіске жетті . Қазақстан киносы

Асқар Ұзабаевтың «Жол. Путь боксера» фильмі «Красногорский» Халықаралық спорт кинофестивалінде жеңіске жетті. Отандық кинотаспа Австрия, Беларусь пен Ресейден келген жұмыстарды басып озып, «Үздік режиссура» номинациясын ұтып алды.

«Жол. Путь боксера» спорт драмасы өз күшімен бокс тәсілдерін үйренген жас боксшы бала туралы. Бірақ, тек жасырын төбелестерге қатысып жүрген жігіт кәсіби рингке шығуды армандайды.

Фильм алғаш рет көрерменге 2014 жылдың ақпан айында таныстырылған болатын. Сценарий авторлары - Еркебұлан Бектуров, Фархат Шарипов және Асқар Ұзабаев. Қоюшы-операторы - Азамат Дулатов. Драма «Қазақфильм» киностудиясының негізінде «567 cinema» кинокомпаниясымен бірлесіп түсірілген.

Фильмге Назар Сұлтанбаев, Фархат Абдраимов, Динара Жұмағалиева, Димаш Ахимов, Ерік Жолжақсынов түсті.

«Красногорский» кинофестивалі салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында өткізіліп келеді. Жыл сайын фестивалде бүкіл әлемнен 100 жұмыстар көрсетіледі. Биылғы жылы байқауға қатысушылар саны 70-тен асқан. Барлық қатысушы фильмдер Мәскеу мен Мәскеу облыстарының кинотеатрларында көрсетілді.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Ақан Сатаев

Режиссер