È

«Әкеге қоңырау шалу» фильмі «Шығыс&Батыс. Классика мен Авангард» ХКФ-не қатысты

«Әкеге қоңырау шалу» фильмі «Шығыс&Батыс. Классика мен Авангард» ХКФ-не қатысты

Серік Апрымовтың «Әкеге қоңырау шалу» фильмі XI Халықаралық «Шығыс&Батыс. Классика мен Авангард» кинофестивалінің бағдарламасында тыныстырылды. Кинокөрсетілім Ресейдің Оренбург қаласында өтіп жатыр және 30 тамызға дейін жалғасады.

Қазақстандық фильм әлемнің түкпіріндегі картиналар таныстырылатын халықаралық байқау бөліміне енді. Бельгия, Германия, Қытая, Польша, Ресей және Словения елдерінен келген 10 жұмыс бәсекелес болмақ.

«Әкеге қоңырау шалу» таспасы қаладан шалғай жерде орналасқан ауылда тұратын бала Еркен жайлы баяндайды. Балақай басқа балалардан өзгерек, ол шынайы өмірді қияли әлеммен шатастырады. Еркен мектепке баратын жасқа жетті, дәрігерлер оны арнайы интернатқа беруді ұсынады. Баланың ата-анасының көңілі түсіп қалады.

«Шығыс&Батыс. Классика мен Авангард» 2008 жылы бастау алды. Фестивальдің 10 жылғы жұмысында әлемнің 50 елінен келген кинематографшылар қатысты, мыңнан астам шетелдік және ресейлік фильмдер көрсетілді. Жыл сайын көрсетілім жеңімпаздарына «Алтын Сармат арыстаны» мүсіншелері табысталады.

Еске сала кетсек, «Әкеге қоңырау шалу» алдыңғы жолы «Фаджр» (Иран) және «Алтын өрік» (Армения) фестивалінде, сондай-ақ 40-шы Халықаралық Мәскеу кинофестивалінде (Ресей) таныстырылған болатын.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Аян Өтепберген

Актер

Дастен Шәкіров

Актер