È

Отандық үш фильм «Фаджр» ХКФ қатысушылары атанды

Отандық үш фильм «Фаджр» ХКФ қатысушылары атанды

Қазақстан 36-шы халықаралық «Фаджр» кинофестивалінде үш фильмді: Серік Апрымовтың «Әкеге қоңырау шалу», Болат Қалымбетовтың «Талан» және Нұрлан Шәріповтың «Жолсеріктер» туындыларын таныстырмақ. Фестиваль 19-27 сәуір аралығында Иранның астанасы Тегеран қаласында өтеді.

«Әкеге қоңырау шалу» - ауыл баласы жайлы хикая, оған көңіл мен керемет белсенділік жетіспеушілігі синдромы диагнозы қойылады. Анасы баласын жек көреді, оның ойынша ұлы бақытсыз өмірінің себепшісі екен.

«Талан» - түрлі ортада туып-өскен екі бала туралы әңгімелейді. Халқы жаңа әскери диктатураның саясатынан зардап шегіп отырған ауылда Тағай тұрады. Керім таулы орманда қасқырлар арасында өмір сүреді. Біреуі кек алу жолын таңдаса, екіншісі махаббат пен кешірім жолын құп көреді.

«Әкеге қоңырау шалу» фильмінен көрініс

«Жолсеріктер» - қысқаметражды картина, сюжетте қарапайым отбасы баяндалады. Отбасы басшысының балаларының өмір сүру қалпына көңілі толмайды, соған әйелін кінәлайды. Кенеттен, ер азамат мақтануға тұрарлық әрекетті бастан өткереді.

Фильмдер «Халықаралық байқау» және «Шығыс көрінісі» бөлімдерінде ұсынылмақ.

«Фаджр» фестивалі – 1982 жылы Иранда негізі қаланған белді киноалаңқайлардың бірі. Байқаудың жеңімпаздары қатарында «Шал», «Үйлесім сабақтары», «Жаңғақ тал» және «Оралман» отандық картиналары бар.

 

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Maxim Bogomolov

6 апреля 2018, 00:09

Молодцы!

Таныс бейне

Тимур Бекмамбетов

Режиссер

Ақан Сатаев

Режиссер