«Мажорлар» фильмінің тұсаукесерінен фоторепортаж
Бұл аптада отандық көрермендерге Жәнібек Ғұсмановтың «Мажорлар» фильмі ұсынылды. Картинаны ең алғашқылардың бірі болып, арнайы шақырылған қонақтар мен журналистер тамашалады. Жабық көрсетілім «Арман» кинотеатрында болды. Тұсаукесерде дәстүр бойынша актерлар мен режиссер қызыл кілемнің үстімен жүріп өтті.
«Мажорлар» кинотаспасы қиындықтармен күресетін тағдыр еркелері жайында. Фильм идеясы Марсель Махмудиге тиесілі. Ал ойға алған істі жүзеге асыруға қолдау білдірген продюсер Анар Рүстемова болды.
Картина былтырғы жазда бір ай бойы түсірілген. Оған жас актерлар Айым Сейтметова, Бахтияр Байсерік және Әнуар Талғатов, сондай-ақ, белгілі актерлар Байғали Есеналиев, Михаил Токарев пен Еркен Губашев қатысты.
«Мажорлар» тұсаукесерінің қалай өткенін арнайы фоторепортаждан тамашалаңыздар.
Суреттерді сайт серіктесі Paparazziclub ұсынды.
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін