«Махаббатпен» фильмінің тұсаукесерінен фоторепортаж
25 қаңтар күні экранға шыққан «Махаббатпен» қылмыстық комедиясы айналымда табысты болуда. Фильм алғашқы демалыста 34 миллионнан астам теңге жинап үлгерген. Таспа режиссері - Александр Гольцев, бас продюсері әрі басты рөлдердің бірін сомдаушы - Фархат Әбдірайымов.
Сондай-ақ, картинаға Мария Королёва, Әлішер Түлтаев, Жандос Айбасов, Гүлнар Сильбаева, Максим Акбаров, Роман Альманский түсті.
Бас продюсердің айтуынша, «Махаббатпен» бюджеті 100 мың доллардан аспады. Демек, айналымның алғашқы аптасында жиналған касса картина шығынын өтеді деген сөз.
«Махаббатпен» кинотаспасы тұсаукесерінің қалай өткенін фоторепортаждан көруге болады.
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін