È

«Бір сен үшін» мелодрамасының тұсаукесерінен фоторепортаж

«Бір сен үшін» мелодрамасының тұсаукесерінен фоторепортаж

27 апсәуірден бастап отандық айналымға «Бір сен үшін» мелодрамасы шықты. Фильм заманауи өмірде белең алған әлеуметтік мәселелердің бірі – отбасының құлдырауы жайында. Идея авторлары - актер әрі картина продюсері Азамат Сатыбалды және режиссер Ардақ Төлеубай.

«Бір сен үшін» фильмі бірнеше жыл бойы бала сүйе алмаған жас отбасы Асқар мен Айжан өмірін баяндайды.

Күйеуінің туыстары ажырасуды ұсынған кезде, жұп қатты қиналады. Алайда, ер азамат әйелін жақсы көргендіктен, бір ғажайыптың болатынына сенеді.

Мелодрамаға Азамат Сатыбалды, Зарина Кәрмен, Әлімхан Мырзахан, Оразхан Кенебаев, Еркебұлан Дайыров және т.б. түсті. Ал актриса Айжан Байзақова үшін фильм толық метрдегі дебюті болды.

Картинаның тұсаукесері Esentai Mall-да Kinopark 11 IMAX кинотеатрында еліміздің танымал адамдарының қатысуымен өтті. Шақырылған қонақтардың арасында Қазақстанның Халық әртісі Асанали Әшімов, Баян Есентаева, Арман Асенов, Аша Матай, Саят Исембаев, Мәдина Сәдуақасова және т.б. төбе көрсетті.

«Бродвей» редакциясы өткен тұсаукесер туралы арнайы фоторепортаж дайындады.

Фото: Акбар Бекмамбет, Дінмұхамбет Әлжамбаев

 

Суреттер үшін «Туран» университетінің «Кино және телевидение академиясы» факультетіне алғыс білдіреміз

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Тұңғышбай Жаманқұлов

Актер