«Класстастар» фильмінің түсірілімінен фоторепортаж
Осы аптада продюсер әрі актриса Әсел Сәдуақасованың «Класстастар» атты комедиясы айналымға шықты. Жобаның режиссері - Ернар Нұрғалиев, оның қоржынында екі толық метр бар.
Сюжет негізінде 18 жылдан кейін кездесіп отырған 11 «А» түлектерінің хикаясы жатыр. Сынып жетекшісі ауруханаға түсіп қалған соң, кезінде мектеп басшысы болған Әлия сыныптастарының басын қосуды ұйғарады. Бірақ, кездесудің басты мақсаты қандай? Кинодан тамашалаңыздар.
Фильмге Сәдуақасовадан бөлек, Дәурен Айдарқұлов, Әсел Қалиева, Ирина Ажмұхамедова, Олжас Абай, Рүстем мен Жанаргүл Жаныамановтар, Мәдина Күлсейітова және т.б. түсті.
Картинаның қоюшы-операторы «Сиситай» мен «Батыр» фильмдерімен жұмыс істеген Алехандро Чавес болды.
«Класстастар» фильмінің түсіріліміндегі қызықты кадрларды фоторепортажымыздан тамашалаңыздар.
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін