È

«Қария» хикаясының түсірілімінен фоторепортаж

«Қария» хикаясының түсірілімінен фоторепортаж

Алдағы күз мезгілінде «Хабар» телеарнасының эфирінен «Қария» хикаясы көрсетіледі. Көпсериялы фильм басқа жобалардан өткір әлеуметтік мәселесімен және қызықты оқиғасымен өзгешеленеді. Хикая сюжетінің негізіне қарттар үйіндегі зейнеткерлердің өмірі арқау болған.

Фильмнің режиссері әрі сценарий авторы - Асқат Мұсабай. Бұл жоба оның кинодағы дебюті болды. Режиссер картинаның сынамалы нұсқасын өткен жылы түсірген екен. Ал негізгі түсірілімге осы көктемде кіріскен.

Картинадағы оқиға құқық қорғау органының бұрынғы қызметкері Әбілғазының аясында өрбиді. Кейіпкер зейнетке шыққан соң, баласының қарамағында қалады. Бірақ, жалғыз ұлы әйелінің бұйрығымен әкесін қарттар үйіне өткізіп жібереді. Бұл жақта Әбілғазы қарттар үйінің басқа да тұрғындарымен танысып, олардың жеке трагедиясының куәсі болады.

Хикая биылғы жылдың сәуір айынан бастап, маусымына дейін Алматыда түсірілді. Түсірілімге Бауыржан Қаптағай, Айқын Төлепбергенов, Досжан Жанботаев, Айнұр Бабаева, Алмас Сақатов, Қазбек Қасым қатысқан. Жобаға барлығы 170 актер атсалысқан.

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Садык Казыбек

17 маусым 2017, 16:44

Men kino tussem depbedym

Таныс бейне

Ақан Сатаев

Режиссер