«Қария» хикаясының түсірілімі аяқталды
Жақында көпсериялы «Қария» драмасының түсірілімі аяқталды. «Хабар» телеарнасының тапсырысы бойынша түсірілген хикая осы күзде көрермендерге жол тартпақ.
«Қария» фильмі – құқық қорғау органының бұрынғы қызметкері Әбілғазының тағдырын баяндайтын 12 бөлімдік драма. Егде тартқан ер азамат туған ұлының қалауымен қарттар үйіне тұрақтайды. Қарттар үйіне келушілер күннен-күнге көбейе түседі. Олардың бірі өз қалауымен келсе, енді бірін балалары тастап кеткен.
«Қария» хикаясының түсірілімінен сурет
Режиссер әрі сценарий авторы Асқат Мұсабай хикая арқылы қазақстандықтарға бүгінгі ұрпақтың арасындағы өзекті мәселені көрсеткісі келеді. Яғни, драма қазіргі жастардың өз ата-аналарына дұрыс қарамай, мемлекет қамқорлығына өткізуі туралы баяндайды.
Хикаяның түсірілімі Алматыда 3 сәуірде басталған болатын. Негізгі көріністерді № 3 арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында түсірген.
Көрермендер басты кейіпкерлердің образында Бауыржан Қаптағай, Досжан Жанботаев, Алмас Сақатов, Мадина Оспан сынды т.б актерларды көре алады. Түсірілімге барлығы 170 актер атсалысқан.
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін