È

«Қазақфильм» «Томирис» пен «Елбасы жолы. Әлем орталығында» фильмдеріне Ақтөбе, Орал және Атырау қалаларында кастинг өткізеді

«Қазақфильм» «Томирис» пен «Елбасы жолы. Әлем орталығында» фильмдеріне Ақтөбе, Орал және Атырау қалаларында кастинг өткізеді

«Қазақфильм» киностудиясы Батыс Қазақстанда екі толықметражды жобаға арнап кастинг өткізеді. «Томирис» тарихи таспасы мен «Елбасы жолы. Әлем орталығында» көркем фильмінің түсіріліміне қосалқы және эпизодтық рөлдерді сомдайтын актерлар қажет. Аталмыш картиналардың қоюшы-режиссері - Ақан Сатаев. Жобалар ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша түсіріледі.

Киносынамалар 17-18 тамыз күндері Ақтөбеде (Тахауи Ахтанов атындағы қазақ драма театры), 20-21 тамыз күндері Оралда (Батыс-Қазақстан облыстық қазақ драма театры) және тамыздың 23-24 күндері Атырауда (Нұрмұхан Жантөрин атындағы облыстық филармония) өтеді.

Актерларға қойылатын негізгі талаптар: 16 жастан жоғары кез-келген ұлт өкілдерінен құралған еркектер мен әйелдер. Дене бітімі спорттық үлгіде келген және көкшіл көзді адамдар құпталады. Қыздарға қойылатын басты талаптар: кастингке бояусыз әрі жасанды қассыз келу керек.

Актерларды іріктеу Семейде, Павлодарда және Өскеменде өтті. Жақында сынамалар Қостанайда, Қызылордада, Тараз бен Шымкентте өтпек.

Еске сала кетсек, «Томирис» фильмі парсы әскерлеріне қарсы тойтарыс берген сақ патшайымы туралы баяндайды. Ал «Елбасы жолы. Әлем орталығында» картинасы Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев туралы баяндайтын киноэпопеяның алтыншы бөлімі болмақ.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Әділет Әбдірәсіл

Актер

Әсет Әбдірәсіл

Актер

Ахат Ибраев

Режиссер