È

Қазақстандық кино - 2016: Толық метрдегі режиссер-дебютанттар

Қазақстандық  кино - 2016: Толық метрдегі режиссер-дебютанттар

2016 жыл өте қызықты және отандық кинемотограф жаңалықтарға толы болды. Өздерінің жұмыстарымен еліміздің белгілі режиссерлері ғана емес, үлкен киноға жаңадан келгендер де таң қалдырды. «Бродвей» кинопорталының редакциясы 2016 жылы дебют жасаған режиссерлерді ұсынады.

Ақжол Әбілов - ҚазҰӨУ актерлік шеберлік және режиссура кафедрасының түлегі, ол биыл «Мезет, или Просто жизнь» картинасының қоюшысы ретінде дебют жасады. Оның толықметражды фильмі 2016 жылдың ақпанында кинотеатрларда көрсетілді. Бұған дейін Ақжол көрерменге «Домашние войны» сериалының актері ретінде танымал болатын. В 2017 жылы оның екінші режиссерлық жұмысы, «Көзайым» сериалы жарыққа шықпақ.

Дәулет Әуелбеков - ҚазҰӨУ студенті, оның дебюті ешкімді бейжай қалдырған жоқ. Өзінің алғашқы «Selfie с мертвецами» фильмі режиссер зомби-триллер жанрында түсірді. Дәулеттің айтуынша, түсірілімге кіріспес бұрын ол осы тақырыптағы бірталай шетелдік фильмдерді көріп шыққан. Жас режиссер барынша шынайы кино түсіргісі келді. Қолынан келді ме, жоқ па, бағасын көрермен береді. Картинаның тұсаукесері 2016 жылдың 14 сәуірінде болды.

Ғалым Асылов - клипмейкер және көпсериялы жобалардың режиссеры («Слово офицера»). Ол сәуірде «Супер Той, или Замуж по-казахски» комедиясымен дебю жасады. О баста режиссер өзінің алғашқы толықметражды фильмін триллер жанрында түсіруді жоспарлаған. Ғалым Асылов Llight Production компаниясының негізін қалады. Фильм туралы нақтырақ білгіңіз келсе, Brod.kz порталындағы рецензияны оқыңыз.

Жәнібек Ғұсманов «Мажоры» фильмімен дебю жасады. Т.Жүргенов атындағы өнер академиясын «Режиссура, кино және ТВ продюсері» мамандығы бойынша тәмамдаған Жәнібек бірнеше жылдан бері Mustafa мектебінде актерлік шеберліктен сабақ береді. Оның кино әлеміндегі мәнсабының өсуі 2006 жылы әкімшілік қызметтен басталды. Келесі жылы оның режиссер ретіндегі толықмтеражды фильмі – «Мажоры» картинасы шығады.

Режиссер Данияр Саид «А+А» романтикалық комедиясымен дебю жасады. Фильмнің түсірілім 2016 жылы Алматыда өтті. Түсірілімге Сиви Махмуди мен Ренат Баситов шақырылды. Режиссердің айтуынша, мелодраманың сюжеті радио жүргізуші Әнел мен боксыш жігіт Арланның арасындағы махаббат жайлы.

Ален Ниязбеков үлкен киноға «Оралман из Питера» музыкалық комедиясымен келді. Жас режиссер Niyazbekov production компаниясын құрды, компания 4 жылдың ішінде 85 музыкалық клип түсіріп үлгерген екен. Желтоқсанда Ален «Каникулы в Таиланде» деп аталатын екінші фильмінің түсірілімін аяқтады.

Биыл толық метрде музыкант, продюсер және клипмейкер Жеңісхан Момышев дебют жасады. Оның алғашқы толықметражды картинасы «Бизнес по-казахски» комедиясы, фильм 29 желтоқсаннан бастап прокатқа шықты. Бұған дейін Жеңісхан «Қазақстан» телеарнасы үшін «Жаңа қоныс» сериалын түсірген болатын.

Нұрғиса Ағыбаев өзінің алғашқы толық метрінің тұсаукесерін қазан айында жасады. Оның «Игра судьбы» мелодрамасы қазіргі замандағы жастардың проблемасына арналған. Әлеуметтік драманың тұсаукесері Қызрғызстанда да өтпек. Бүгінде режиссер шығармашылық жолын Шымкентте, AGI Production компаниясында жалғастыруда.

Үлке кинематографқа алғаш қадам басқандардың бірі Мереке Мұқан. Қыркүйекте ол «04:29» драмасын көрерменге ұсынды. Режиссердың айтуынша, ол көрерменге кез келген жағдайда ешқашан мойымау керектігін жеткізгісі келген. Режиссер ойын жүзеге асыра алды ма, бұл туралы рецензиядан оқыңыз.

Карина Хурамшина, Мереке Мұқан және Ербол Семқұлов

Серік Таласов - Оңтүстік Қазақстан облысының режиссеры, 2015 жылы «Жас Дидар» қысқа метрлі кино байқауының жүлдегері. Биылғы жылдың желтоқсанында оның «Жанұя» дебюттық фильмінің тұсаукесері өтті. Бұған дейін режиссер «Майдангерлер», «Скорость», «Жаңғырық» қысқаметражды ленталарын түсірген.

Бекзат Әлімбаев өзінің алғашқы фильмін өзге ғаламшарлықтар жайлы түсірді. Оның «Пришельцы в ауле» фильмі прокатқа желтоқсанда шықты. Көктемде жас режиссер Стивен Спилбергтің курсына тәжірибе мен білім жинау үшін аттанбақ.

Серік Әбішев «Свидетель дела №6» фильмінде режиссер ретінде дебют жасады. Режиссердың айтуынша, фильм өзі көрерменге жеткізгісі келетін әлеуметтік мәселелерді қозғайды. Айта кету керек, Серік партизандық кино қозғалысы аясында түсірілген картиналарға продюсерлік етеді.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Тимур Жақсылықов

Сценарист

Асылхан Төлепов

Актер