È

«Сыншылар таңдауы» жүлдесі кинематографшыларға төртінші рет берілмек

«Сыншылар таңдауы» жүлдесі кинематографшыларға төртінші рет берілмек

20 наурыз күні отандық кинематографшыларға «Сыншылар таңдауы» жүлдесі ұсынылмақ. Лауреаттарды төртінші рет марапаттау салтанаты Алматыдағы «Арман» кино орталығында өтеді.

Жүлде жарысына 2017 жылы жарыққа шыққан 13 толықметражды және 5 қысқаметражды фильм қатысады. Картиналар 13 аталымға ұсынылған. Аталым саны жағынан 6 жүлдеге үміткер Серік Апрымовтың «Әкеге қоңырау шалу» және Асқар Ұзабаевтың «Келін де адам баласы» фильмдері алда келеді. Сәбит Құрманбековтың «Оралманы», Ақан Сатаевтың «Ол» фильмі, Рашид Сүлейменовтың «Арманы» және Олжас Ахметовтың «Бөлінбейтін» картинасы 5 жүлдеге үміткер.

«Сыншылар таңдауы» жүлдесін 2014 жылы Қазақстан киносыншылар қауымдастығы бекіткен. Жүлде лауреаттарын қауымдастық мүшелері: Гүлнар Әбікеева (қауымдастық президенті), Кәрім Қадырбаев, Ольга Малышева, Дмитрий Мостовой, Төлеген Байтөкенов, Олег Борецкий, Инна Смаилова, Ғалия Байжанова, Гүлажар Машрапова, Мәди Мәмбетов, Александр Поршнев, Баубек Нөгербек және Нәзира Мұқышева таңдайды.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Тұңғышбай Жаманқұлов

Актер