È

Шарипа Оразбаеваның «Сілеусін» киножобасы «Алтын өрік» ХКФ қатысады

Шарипа Оразбаеваның «Сілеусін» киножобасы «Алтын өрік» ХКФ қатысады

Отандық режиссер Шарипа Оразбаеваның «Сілеусін» киножобасы Арменияның Ереван қаласындағы «Алтын өрік» Халықаралық кинофестивалінің қатысушысы атанды. Жоба 9-14 шілде аралығында өтетін GAIFF Pro өндірістік платформасы аясында Қазақстанды таныстырады.

«Алтын өрік» - Армения Мәдениет министрлігінің қолдауымен жыл сайын өтетін ірі кинофестиваль. Фестиваль аясындағы GAIFF Pro платформасы бірінші рет өткізіліп отыр, басты тақырыптардың бірі бұрынғы Кеңес одағы мен Еуропа елдерінің арасындағы коөнім болмақ. «Сілеусін» жобасы табысты халықаралық бағытта даму мен кооперация үлгісі ретінде таңдалды.

«Аталмыш шара кең форматта өткізіледі, success stories тәжірибесімен жақсы таныс кәсіби мамандар өз білімдерін ортаға салады, олар бар мәселелермен жақсы таныс және аталмыш ауданға Еуропаның қалай қарайтынын, аймақтық режиссерлардың Еуропа продюсерлерінен нені күтетінін жақсы біледі. Шара барысында қазақстандық режиссер Шарипа Оразбаеваның және еуропалық продюсер Анна Качконың «Сілеусін» жобасының арнайы тұсаукесерін өткіземіз, себебі бұл жобаны дамытып, оның Еуропаға бағытталған жолын қалай салу керектігін көрсететін тамаша үлгі. Продюсер Анна Качконың халықаралық коөнімді дамыту тәжірибесінің бағасы өте жоғары және ол біздің аймақтың қатысушыларына өте маңызды болуы мүмкін», - деп атап өтті Еревандағы «Алтын өрік» кинофестивалінің ұйымдастырушысы Сусанна Харутинян.

Атап өту керек, режиссер әрі сценарий авторы Шарипа Оразбаеваның «Сілеусіні» «Еуразия-2017» ХКФ-де Eurasia Spotlight жобаларының қазақстандық нарығында жеңіске жеткен болатын. Биылғы жылдың ақпан айында фильм Берлин кинофестивалінің Talent Project Market бағдарламасына қатысты. Аталмыш бағдарламаға келіп түскен 3100 өтініштен 10 картина ғана енген еді.

«Бұл менің дебютті толықметражды фильмім. Еуропа елдерімен бірге коөнім жасауды жоспарлаудамыз. Бір ескеретіні, жобаға еуропалық продюсерлер қызығушылық танытты, олар фильмнің халықаралық нарыққа шығуына қолдау көрсетуге дайын. Маңызды шарт – жергілікті мемлекеттік қолдау, соған байланысты қазақстандық жақтан фильмді «Қазақфильмде» қарастырды, қазір іске қосуын күтіп жүрміз», - деді жоба режиссері Шарипа Оразбаева.

Еске салсақ, Шарипа Оразбаева өзінің авторлық қысқаметражды фильмдері арқылы танымал. Оның «Картоп жегіштер» картинасы I Республикалық «Байқоңыр» қысқаметражды кинофестивалінде Гран-при иеленген болатын.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Гүлшат Ахметова

Актриса

Сергей Червяков

Актер

Тимур Бекмамбетов

Режиссер