È

Шарипа Оразбаеваның «Сілеусіні» Берлинале ХКФ-де таныстырылатын болды

Шарипа Оразбаеваның «Сілеусіні» Берлинале ХКФ-де таныстырылатын болды

Режиссер Шарипа Оразбаева 68-ші Берлин Халықаралық кинофестиваліне қатысу үшін Германияға аттанбақ. Оразбаеваның «Сілеусін» атты алғашқы толықметражды жобасы фестивальдің Talent Project Market бағдарламасына қатысу үшін іріктелді.

Talent Project Market – копродукцияның ірі нарығы, жобаларды халықаралық сарапшылар, әлемдік киноқорлар мен компаниялар агенттері қарастырып, бағалайды. Биылғы жылы келіп түскен 3100 өтініштен 10 картина бағдарламаға қатысады.

«Сілеусін» фильмі алдыңғы жолдары Eurasia Spotlight питчингінде көзге түскен еді.

Шарипа Оразбаева және Анна Качко
Шарипа Оразбаева және Анна Качко

Сонымен қатар, Шарипа Оразбаева «Картоп жегіштер» (I Республикалық «Байқоңыр» қысқаметражды кинофестивалінің «Гран-при» иегері) және «Тұл» қысқаметражды фильмдерін түсірген.

Берлинале ХКФ 15 ақпанда басталып, 10 күнге созылады.

Еске сала кетсек, 2016 жылы Берлин кинофестивалінің аясында Әмір Байғазиннің «Жаралы періште» фильмінің тұсауы кесілді, ал 2017 жылы Berlinale talents шарасына Қазақстанның атынан актриса Толғанай Талғат қатысқан болатын.

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Мырзахмет

14 января 2018, 02:25

Так мы проставляем нашу страну.

Таныс бейне

Ахат Ибраев

Режиссер

Әлішер Хайыров

Актер

Қуан Ликеров

Актер

Айнұр Ниязова

Актриса