È

«Eurasia Spotlight» питчингінің қатысушылары жарияланды

«Eurasia Spotlight» питчингінің қатысушылары жарияланды. Қазақстан киносы

«Eurasia Spotlight-2017» кәсіби алаңқай дирекциясы питчинг қатысушыларын хабарлады. Байқау бағдарламасына Қазақстан жас режиссерларының 8 жобасы енді. Питчинг XIII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің аясында 24 шілде күні басталады.

Өз жобаларын таныстырып, оларды жүзеге асыруға қолдау мүмкіндігіне ие болғандар: Шарипа Оразбаева «Сілеусін», Дархан Төлегенов «Туған күн», Ольга Коротько «Бұрынғы адамдар», Әсел Әушәкімова «Жалғыз», Мухлиса Азизова «Сарышаян», Олжас Ермекбаев «Ана», Назым Марат «Жады ауырпалығы», Аян Найзабеков «Есінен адасу».

Питчингке қатысушылардың арасында халықаралық және республикалық кинофестивальдердің қатысушылары мен жүлдегерлері бар. Олар - Дархан Төлегенов, оның «Таңғы шапағат нұры» картинасы «Қырғызстан - қысқаметражды фильмдер елі» және «Еуразия» фестивальдерінде аталған; Ольга Коротько, оның жұмыстары Аргентина, Чехия және Испания кинофестивальдерінде таныстырылған; Олжас Ермекбаев, оның «Дұшпандар» фильмі ресейлік «Кинотавр» және Канн кинофестивалінің бағдарламаларына енген; сонымен қатар, жобалар таныстырылымының былтырғы жеңімпазы Аян Найзабеков.

Үміткерлерді халықаралық қазылар алқасы бағалайтын болады. Олардың құрамында киноөндіріс пен кинофестиваль өкілдері, продюсерлер, шетелдік журналистер бар. Жеңімпаздар арнайы сыйлықтармен марапатталады.

Eurasia Spotlight – сценарийі өңделу үстіне тұрған киножобалар таныстырылымы үшін құрылған шара. Кәсіби алаңқайдың мақсаты – жобаларды Қазақстанда және шетелде алға жылжытып, демеушілерді табу. Eurasia Spotlight алғаш рет 2011 жылы өткізілген болатын.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Алексей Пантелеев

Актер

Асылхан Төлепов

Актер