È

Шарипа Оразбаеваның «Сілеусін» жобасы Eurasia Spotlight питчингінде жеңіске жетті

Шарипа Оразбаеваның «Сілеусін» жобасы Eurasia Spotlight питчингінде жеңіске жетті. Қазақстан киносы

Астанада Қазақстан жобаларының арасында өткен Eurasia Spotlight питчингі аяқталды. Халықаралық қазылар алқасының бағалауы бойынша бірінші орынды Шарипа Оразбаеваның «Сілеусін» фильмі, екіншісін Аян Найзабековтың «Ессіздік» картинасы жеңіп алды. Ал Әсел Аушакимованың «Жалғыз» туындысы ерекше атауға ие болды.

Интерактивті алаңқайға қатысуға барлығы 30 өтініш келіп түскен. Оның ішінде 7 жоба финалға өтті. Олардың арасында келесі картиналар бар: Дархан Төлегенов «Туған күн», Ольга Коротько «Бұрынғы адамдар», Олжас Ермекбаев «Ана» және Назым Марат «Жады ауырпалығы». Байқауға қатысушылар болашақ жобаларының тизерлерін және алдыңғы жұмыстарының трейлерлерін көрсетті. Шараға Eurasia Spotlight-тың директоры әрі продюсері Анна Качко жетекшілік етті.

Eurasia Spotlight питчингінің жеңімпаздары

Айта кету керек, Шарипа Оразбаеваның «Картоп жегіштер» атты алдыңғы фильмі «Байқоңыр» I Республикалық қысқаметражды кинофестивалінде «Гран-при» иеленген болатын. Сонымен қатар, «Киносыншылар таңдауы-2017» киножүлдесінің үміткері атанды. Биылғы жылы режиссер «Тұл» қысқаметражды драмасының жұмыстарын аяқтады.

Eurasia Spotlight – қазақстандық режиссерлардың жобасын таныстыру және оларды жүзеге асыру үшін демеушілерді тарту мақсатында ұйымдастырылған алаңқай. Питчинг 2011 жылдан бері өткізіліп келеді.

 

Суреттерді «Еуразия» кинофестивалінің баспасөз қызметі ұсынды

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Төлеубек Аралбай

Актер