È

«Таиландтағы демалыс» комедиясы айналымға сәтті шықты

15-18 ақпан аралығындағы кассалық жинақ

Marvel-дің «Қара ілбісін» комикс-блокбастері отандық айналымға сәтті шықты, себебі «Бостандықтың елу реңкі» фильмін басып озды. «Таиландтағы демалыс» картинасы да авторлардың көңілін қалдырған жоқ, оның жинағы 100 миллион теңгеден асты. 15-18 ақпан аралығындағы Қазақстандағы кассалық жинақ рейтингісінің қандай екенін төменнен оқыңыздар.

«Қара ілбісін» отандық айналымда көш бастап тұр, оның жинағы 178 398 497 теңгені құрайды. Картина Америкада алғашқы үш күннің ішінде 192 миллион доллар жинап, «Дэдпулдың» бастапқы 132,4 миллион доллар жинағынан озып кетті. «Қара ілбісіннің» режиссері Райан Куглер болды, оның қоржынында «Крид: Рокки мұрасы» және «Фрутвейл» бекеті» толықметражды жұмыстары бар.

«Таиландтағы демалыс» комедиясы үздік атануға сәл ғана жетпей қалды. Фильм алғашқы демалыста 148 598 810 теңге жинады. Фильм түсірілімі 2016 жылы Таиландта, Ко Мак аралында өткен. Картина продюсер Нұрлан Қоянбаевтың («Қазақша кәсіп», «Қазақша кәсіп Америкада») үшінші киножобасы және жас режиссер Ален Ниязбековтың («Питерден келген оралман») екінші жұмысы болды.

«Қара ілбісін» фильмінен көрініс
«Қара ілбісін» фильмінен көрініс

Үшінші орынға «Бостандықтың елу реңкі» фильмі жайғасты, оның жинағы 38 652 240 теңге құрайды. Картина Францияда, Ницца қаласында түсірілді. Түсірілім кезінде қалада лаңкестік әрекет орын алды, сондықтан түсірілім жұмыстары аза тұту кезінде тоқтатылды. Фильмнің екінші және үшінші бөлімдері 2016 жылдың күзінде бір уақытта түсірілді.

«Мұз» ресейлік драмасы төртінші орынға ие болды. Картина 37 142 790 теңге көлемінде пайда тапты. Фильм актриса Аглая Тарасова үшін үлкен кинодағы дебют болды. Бойжеткен көпшілікке «Интерны» хикаясы арқылы танымал, ол жақта Софьяны сомдаған болатын. Аглая түсірілімге кіріспес бұрын, екі ай бойы коньки тебуді үйреніп жүрді.

«Эббинг шекарасындағы үш билборд, Миссури» фильмі кассасын 6 142 150 теңгеге толтырды. 15 миллион долларлы бюджеті бар таспа штаттарда 50 миллион долларға жуық қарды жинады. Ал әлемдік айналымдағы жинағы 112 миллион долларға дейін жеткен. Фильм «Алтын Глобустың» 4 жүлдесінен бөлек, «Үздік актерлік құрам» үшін Американдық киноактерлар Гильдиясының жүлдесіне ие болды.

«Мұз» фильмінен көрініс
«Мұз» фильмінен көрініс

«Ұрыларды ұстау» атыс-шабыс фильмі 4 949 000 теңге жинады. Алғашында картинадағы оқиға Лос-Анджелесте өткен. Алайда, мұзды дауылдың кесірінен түсірілім Атлантаға ауысты. Фильм кейіпкерлері де өзгеріске ұшырады. Кіші О’Ши Джексонның кейіпкерін біраз жасартып, мінезіне өзгертулер енгізілді, себебі актердың жасы 27-де еді.

«Айға ұшайық» анимациялық таспасы айналымның алғашқы аптасында 3 929 767 теңге жинады. Кондорито картинасының кейіпкерін 1949 жылы комикстер суретшісі Рене Риос Боттигер салған болатын. Автор Уолт Диснейдің 1942 жылы түсірілген «Сәлем, достар!» фильмін көріп, шабыттанған екен.

«Әйелдер ерлерге қарсы 2» шытырман оқиғалы комедиясының жинағы 2 950 767 теңгені құрады. Фильм Настасья Самбурская үшін толықметражды кинодағы бесінші толыққанды рөлі болған. Бұрын актриса өз күшін «Универ. Жаңа жатақхана», «Махаббатымды қайтар» және «Екі әйел» хикаяларында сынаған болатын.

«Әйелдер ерлерге қарсы 2» фильмінен көрініс
«Әйелдер ерлерге қарсы 2» фильмінен көрініс

«Елесті жіп» американдық драмасы 2 824 900 теңге жинады. Картина басты рөлді сомдаған Дэниэл Дэй-Льюис үшін соңғысы болды. Себебі, ол 2017 жылдың 20 маусымында актерлік мансабын тоқтатаныны хабарлаған болатын.

Екі миллионнан аз жинағандар: «Паддингтон хикаялары 2» - 1 523 200 теңге, «Уиджи. Вероника қарғысы» - 1 730 923 теңге, «Эльфтер тағы» - 1 852 620 теңге және «Лабиринтпен жүгіруші: Өлімге қарсы дәрі» - 1 308 010 теңге.

 

*Материал Meloman Entertainment және Ticketon.kz компанияларының мәліметтері бойынша дайындалды.

 

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Maxim Bogomolov

24 февраля 2018, 17:02

Поздравляем!

Таныс бейне

Құралай Анарбекова

Актриса