È

«Қара Ілбісін»: Ұлы әкесі жағында

 «Қара Ілбісін» фильміне пікір

Marvel студиясының «Қара Ілбісін» атты жаңа картинасы әлемдік көрсетілімге шығып, кассалық жинақ рекордын жаңарта бастады. Атап айтқанда, АҚШ-та бірінші демалыс күнінің қорытындысы бойынша Райан Куглердің фильмі «Кек алушылар» франшизасындағы 200 миллион доллардан аса (суперкейіпкерлер бірікккен бірінші бөлімі ғана көбірек жинады - 207 миллион) қаржы жинаған ең жоғары кассалық жеке жоба болды. Сонымен қатар, фильм сайттарында, әлеуметтік желілерде және YouTube-та нәсілшілдікке қатысты пікірлер Ресейдегі картина көрсетілімінің уақыты ауысуына байланысты қолдау тапқан жоқ. Желі қолданушыларының көріністе қара нәсілді актерлардың көптігіне қатысты шағымдары бүртүрлі естіледі. Картинадағы 80% оқиға ойдан шығарылғанымен, бірақ африка елінде өрбиді.

Сонымен, «Қара Ілбісін» Т`Чалла ханзаданың өзінің туған елі, жұмбақ Вакандтың тағына отыруына дайындығынан басталады. Жаңа патша жұмысына кіріскеннен кейін, Вакандтың басты байлығы вибраниумды сататын ескі жауы Уилсс Кломен есеп айырысуға шешім қабылдайды. Бірақ, ілбісін киіміндегі суперкейіпкер өзінің одан да қауіпті, яғни Вакандтың құпиясын ашып қана қоймай, заңды патшасын тақтан тайдыруды көздеген жауының бар екенін білмейді

Ағылшын тілді сыншылардың жаппай таңданысына қарамастан, «Қара Ілбісіннің» дебюттік жобасына деген көзқарастар екі жақты болды, мұнда көптеген артықшылықтар бар, бірақ өте маңызды кемшілік - мәртебелі кейіпкердің болмауы. Өкініштісі, Чедвик Боузменның барлық шеберлігімен Т`Чалла Капитан Америкаға қарағанда қызықсыз көрінеді және Қыран көзбен шамалас («Кек алушылар» командасының реңсіз мүшесін көрсету қиын). Шын мәнісінде, бұл Райан Куглердің картинасындағы барлық қалған аспектілерін бұзады.

Енді фильмнің артықшылықтары жайлы айта кетейік. Біріншіден, сценарий. Куглер мен қосалқы авторы Джо Роберт Коул әкесінің күнәлары болашақ ұрпақтың тағдырына тікелей әсер ететінін білдіретін шекспир масштабындағы драма жасады. Әкесінің (оның шексіз жақсы көріп, құрметтеген) қажырсыздығынан шарасыз жағдайға түскен бас кейіпкердің ішкі азабы антагонист Киллмонгерге деген өшпенділігімен ұштасады (Майкл Б. Джордан әлемдік марвел арқылы Гамлетті сипаттайды). Мұның барлығы негізгі сюжеттен алшақтатпайтын экшн оқиғаларымен қатар жүреді.

Фильмнің екінші артықшылығы - «Кек алушылар» әлемдік картинасының соңғысынан айырмашылығы, Куглер әзілге басымдық бермеді. «Дәрігер Стрэндж», «Тор» және «Галактика сақшылары» соңғы сиквелдері және «Өрмекші адамның» қайта шығарылымы франшизаны толассыз комедияға айналдырды, ал «Қара Ілбісінде» жағдайды аздап түзете алғандай болды. Мұнда әзілдер аз және оның басым бөлігі бас кейіпкердің қарындасы белсенді Летиши Райтқа берілген.

Ата-бабаларына табынумен айналысатын африка халықтарының инновациялық технологиялары мен мәдениетінің өркендеуімен бірге өмір сүретін, ойдан шығарылған Ваканд елін бастан-аяқ құрған суретшілердің жұмысын ерекше атап өтуге болады.

Вакандтың басқа әлемнен оңашаланғаны сияқты, «Қара Ілбісін» де «Кек алушылар» фрашизасындағы жеке картина. Яғни, бұл алдыңғы фильмдерден бөлек көруге болатын және «мына кейіпкер кім, ол алдыңғы бөлімде не істеді?» деп бас қатырмай-ақ бәрін түсінуге болатын аздаған картинаның бірегейі.

Жалпы алғанда, Куглер ешқандай жағдайда нәсілдік тақырыпты (жағымсыз ескертулерге қарамастан) қолданбайтын үздік картина деңгейіне жетпесе де, әлемдік кинематографияда жеке әлемін бейнелеген мықты картина шығарды.

 

Киноға барған Кәрім Қадырбаев

 

 

«Қара Ілбісін» фильмінің кестесін кинотеатр афишаларынан көре аласыздар.

 

 

Оцените рецензию

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Рецензии

18 Маусым, 2018

«Суперотбасы – 2»: Бірлік болмай, тірлік болмас

«Суперотбасы – 2» мультфильмі жайлы пікір 

BrodKaz

Рецензии

10 Қазан, 2018

«Қаржыгер. Шығу ойыны»: Санның сапаға айналуы

Коммерциялық  кино бағытында алға ілгерілеу айқын байқалады

Brod.kaz

Рецензии

6 Қазан, 2018

«Веномның» жаңа бейнесі

«Веном» фильміне пікір

Brod.kaz

Рецензии

13 Қыркүйек, 2019

«Қымбатты әке» фильміне пікір

Фильм кинотеатрда 12 қыркүйектен басталады

Brod.kz

Таныс бейне

Құралай Анарбекова

Актриса

Нұрлан Әлімжанов

Актер